cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Мерзімі өткен берешекті реттеу

Мерзімі өткен берешекті реттеу

Құрметті клиенттер!

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – ҚНРДА) 2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 Қаулысына сәйкес KMF кредит беру шарттарына қатысты микрокредит беру туралы шартты өзгерту арқылы мерзімі өткен берешекті реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  
Бұл мүмкіндік жеке тұлға санатына жататын қарыз алушыларға беріледі.  

Мерзімі өткен берешекті реттеу үшін Сіз:  

1. Жеке менеджерге хабарласып, клиенттің мобильді қосымшасында немесе KMF бөлімшесіне келгенде өтініш толтырыңыз. KMF барлық бөлімшесінің мекенжайлары https://kmf.kz/contacts/ сілтемесі бойынша сыртқы сайтта көрсетілген.
2. Егер жеке менеджеріңізге хабарласа алмасаңыз, KMF-тің арнайы желісі: +7(778) 746 39 28 немесе 7474 нөміріне қоңырау шалыңыз.
1. барлық қажетті ақпаратты ұсыныңыз: аты-жөніңіз, кредиттік шарт нөмірі, ЖСН.  
2. нақты сіздің жағдайыңызға қатысты өтініш толтыру үшін кеңес алыңыз.
3. өтінішті info@kmf.kz электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.

Толық оқыңыз
Берешекті реттеу шарттары және тәртібі:  

1. KMF микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімін өткізу орын алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде ол жайында қарыз алушыны жазбаша хабардар етеді (шартта көзделген байланыс құралдары арқылы).  
2. KMF қарыз алушысы микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімін өткізу орын алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өз бастамасымен KMF-ке келіп, микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш қалдыра алады. Бұл өтініште мерзімін өткізу себептері, кірістер және шарт талаптарына өзгеріс енгізуге себеп болған басқа расталған жағдайлар (деректер) туралы мәлімет көрсетіледі.  
3. KMF қарыз алушының өтінішін алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына енгізуге ұсынылған өзгерістерді қарайды. Қарыз алушы мәліметтер мен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, KMF сұратқан мәліметтер мен құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде өткізу керек.   

Өтінішті қарау нәтижесі бойынша KMF қарыз алушыға  кейінгі іс-әрекеттердің үш нұсқасының бірін хабарлайды: 

1. Микрокредит беру туралы шартқа енгізуге ұсынылған өзгерістермен келіскен жағдайда, KMF ондай шешімді қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тиісті қосымша келісімге қол қою қажет;
2. KMF берешекті реттеу бойынша өз ұсынысын айтады. Бұл ретте қарыз алушы өз жауабын KMF-ке KMF ондай шешімді қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде бағыттауы керек;
3. Микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартқан жағдайда, KMF бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсетеді.   

Егер қарыз алушы KMF ұсынған ұсыныстармен келіспесе немесе KMF шарт талаптарын өзгертуден бас тартса, қарыз алушы KMF шешімін алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде KMF-ті хабардар ете отырып, Микроқаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы омбудсменіне +7 771 933 34 44 нөмірі бойынша (mfohelp.kz сайтында осы орталықтың жұмысы туралы барлық ақпарат көрсетілген) немесе уәкілетті органға (ҚНРДА) хабарласа алады.

Оның өтініші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаралады.  

Қарыз алушы барлық арыздарын, жауаптарын және басқа да өтініштерін жазбаша нысанда арнайы info@kmf.kz электрондық пошта мекенжайына бағыттайды немесе KMF бөлімшесінде қалдырады. KMF барлық бөлімшесінің мекенжайлары https://kmf.kz/contacts/ сілтемесі бойынша сыртқы сайтта көрсетілген.  

АЗАМАТТАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢ

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы No 178-VII заңы 02.03.2023 жылы күшіне енеді.  
Заңға сәйкес 12 және одан көп уақыт берешегі өтелмеген азаматтар банкрот деп танылуы мүмкін.  



СОТТАН ТЫС БАНКРОТ ДЕП ТАНУ  
  • 1600 АЕК аспайтын (5 520 000 теңге), 12 және одан көп уақыт өтелмеген борыштың болуы немесе бес жыл бойы орындалмаған кез келген мөлшердегі міндеттемелердің болуы;  
  • ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (мысалы: ШҚ, жекешелендірілген үй немесе ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі).  

СОТ АРҚЫЛЫ БАНКРОТ ДЕП ТАНУ
  • Борыш мөлшері 1600 АЕК (5 520 000 теңгеден) асады.
  • Борышкердің өндіріп алынуы мүмкін жеке мүлкі бар.  
Бұл ретте міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепілге қойылған борышкердің жалғыз үйін өндіріп алуға рұқсат етіледі.  

  • Егер борышкердің міндеттемелері үшінші тұлғалардың кепілдігімен немесе кепілімен қамтамасыз етілсе, бұл талаптар күшінде қалады және кредиторлар өткізіліп жатқан банкроттық рәсіміне байланыссыз кепілгерлер мен кепіл берушілерге талап қоюға құқылы.   

Сот шешімі бойынша (мүлік болған жағдайда)  жеке тұлғаға оны банкрот деп танудан бас тартылып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі тағайындалуы мүмкін*.
* - Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру – бұл борышкердің міндеттемелерін өтеуге бағытталған кредиторлар арасында келісілген бірқатар іс-шаралар (кестені өзгерту, дебиторлық берешекті өндіріп алу, мүлікті жалға беру және т.б.).   

Толық оқыңыз
БАНКРОТ ДЕП ТАНУДЫҢ САЛДАРЫ

  • Банкрот деп танылған тұлғаға бес жыл бойы қарыз алуға, кепілдік беруге және кепілгер болуға тыйым салынады.
  • Банкрот деп танылған тұлғаға ҚР аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салынуы мүмкін.
  • Жеке тұлға банкрот деп танылғанда, бұл көпшілікке жария етіледі және барлық кредитор борышкердің банкрот деп танылғанын білетін болады.
  • Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкрот деп тану туралы іс қозғалғанға дейін борышкердің үш жыл ішінде жасаған мәмілелері, егер олардың мүлікті жасыру мақсатында жосықсыз жасалғаны анықталса, жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  • Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепілге берілген борышкердің жалғыз үйін өндіріп алуға рұқсат етіледі.  

БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІН ҚОЛДАНУ ҮШІН БОРЫШКЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ  
  • Банкрот деп тану туралы бастаманы борышкердің өзі көтереді.
  • Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз e-gov.kz арқылы беріледі. Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз сотқа беріледі.
  • Борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз бергені жөнінде кредиторға екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.  

Банкроттық рәсімін бүкіл проблемадан құтылудың жолы ретінде қарастыруға болмайды!  

Адамды банкрот деп тану – қарыздан құтылудың басқа барлық әдісі қолданылып, бірақ ешқандай нәтиже бермеген кезде жасалатын соңғы қадам. Ең бастысы мынаны есте сақтаңыз! Банкрот деп танылған адам қаржы жүйесінде «қара таңбаға» ие болады және оған бес жыл бойы қаржы институттарынан қарыз берілмейді!

КМF-ке хабарлама жіберу үшін мекенжайлар: 
КМF пошта мекенжайы: 050004, Алматы қ., Медеу ауданы, Н.Назарбаев даңғылы, 50.
КМF-тің электрондық поштасы: info@kmf.kz.

Қосымша ақпарат алу үшін 1414 нөміріне (қосымша нөмір 3)  хабарласыңыз немесе сілтеме бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтына өтіңіз.  


Ақпарат алу