АО «МФО «KMF (КМФ)» Халықаралық Қаржы Корпорациясымен (IFC) 50 миллион АҚШ долларына несие туралы келісімге қол қойды.

10.09.2024

Алматы, 2024 жылғы 10 қыркүйек – «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC - International Finance Corporation) 50 АҚШ доллары сомасына кредиттік келісімге қол қойылғанын хабарлайды.   

Алынған қаражат халықтың банктік қаржыландыруға қолжетімділігі шектеулі ауылдық жерлерді қосқанда, кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталатын болады.

Қазақстанда шағын бизнес экономиканың негізі болып табылады, сондықтан алынған қаражат шағын бизнесті, кәсіпкер әйелдерді және ауыл шаруашылығы саласындағы қарыз алушыларды (агро) қолдауға бағытталады, бұл экономикалық өсуге және жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында клиенттердің кең ауқымына микроқаржы қызметтерін ұсына отырып, KMF-ке тұрақты өсуді жалғастыруға мүмкіндік береді.  

«Біз IFC-пен ұзақ мерзімді серіктестігіміздің нығайып келе жатқанына қуаныштымыз. Бұл ынтымақтастық біздің ағымдағы бастамаларымызды қолдап қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстандағы көптеген шағын және орта кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарына қолжетімділікті арттыру  және қызметін кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті  KMF Басқармасының Төрағасы Жүсіпов Шалқар Аманқосұлы.

Келісім шарттарында икемді пайыздық мөлшерлеме және ыңғайлы өтеу кестесі қарастырылған, бұл KMF-ке қаржы ресурстарын тиімді басқаруға және өз қызметінің тұрақтылығын қолдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар KMF IFC белгілеген тәуекелдерді басқару жөніндегі барлық талапты сақтауға міндеттенеді, бұл компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам.   

Назад к разделу