Қызмет еткен жылдар ішінде KMF Орталық Азия өңіріндегі бұрынғы кеңестік елдердің арасында микроқаржылық сектор көшбасшыларының бірі болды. Бүгінде «KMF» МҚК - Қазақстандағы ең ірі микроқаржылық ұйым.
Біз көп жылдар бойы бүкіл Қазақстан бойынша кәсіпкерлерге өз ісін дамытуға көмектесіп келеміз. Бұл біздің міндетіміз және миссиямыз. Біз барлық ойларымыз бен күш-жігерімізді қызмет көрсету сапасын арттыруға, қарыз шарттарын жақсартуға, жаңа бағдарламалар әзірлеуге және жаңа технологияларды ендіруге бағыттаймыз. 25 жыл бойы біз осы саладағы ең ірі компания болып қала береміз және елдегі ең үздік микроқаржыландырудың бірін ұсынамыз.
Біз әрқашан ашықпыз және клиенттеріміздің қажеттіліктерімен бірге өзгереміз. Ең үздік клиенттік сервис – бұл біздің команданың басты басымдығы. Сіз бізді жақсырақ, ыңғайлы және түсінікті болуға талпындырасыз.
Сіздің бизнесіңіз үздік қаржыландыруға лайық!”
Компания клиенттерімен өзара сенімге, түсіністік пен құрметке негізделген ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды құруды мақсат тұтады. «KMF» МҚҰ клиенттеріне келесі қызмет түрлеріне жеке және топтық микрокредиттер ұсынады:
Сіздің өркендеуіңіз үшін үздік микроқаржыландыру
Әлемдік микроқаржыландыру көшбасшысы
Ауылдық аймақтарды қосқанда, бүкіл Қазақстан бойынша және одан тыс жерде сапалы қызметтерді қолжетімді ету және кіші, шағын және агробизнес өкілдерін барынша қамту
Қоғамға пайда әкелу, кәсіпкерлікті қолдау және пайда табу арқылы клиенттердің әл-ауқатын арттыру
Микроқаржы қызметтері мәдениетін дамыта отырып, сапалы микроқаржы қызметтерін ұсыну және кері байланыс пен бағалау арқылы қызметтердің сапасын үнемі жақсарту
Шешім қабылдаудағы инновациялық тәсіл және демократия
Адалдық, ашықтық, кәсібилік және қолжетімділік
Клиентке бағдар және сапалы қызмет көрсету
Қызметкерлерге деген қамқорлық