Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Джеффри Моррис Чалмерс
Джеффри Чалмерс 2011 жылдың 30 қарашасында Жалпы жиналыс қатысушылары мүшелерінің шешімімен KMF Қадағалау кеңесінің мүшесі лауазымына сайланды.

2015 жылдың 6 ақпанында KMF Қадағалау кеңесінің сыйақыларды төлеу және кадр мәселелері жөніндегі комитет мүшесі лауазымына сайланды.

Джеффри Чалмерс халықаралық дамыту жөніндегі микроқаржыландыру, ауылды қаржыландыру, кәсіпкерлікті дамыту және жеке секторды басқару салаларында 20-жылдық басқару және техникалық тәжірибесі бар білікті, әрі кәсіби маман болып табылады.

1994 жылы Медфордтегі Тафтса (Tufts University) атындағы университетте Массачусетс штаты АҚШ халықаралық қатынастар факультетінің бакалавр дәрежесін алып, 2000 жылы оқуын Джона Хопкинс атындағы университеттің магистратурасында жалғастырды. Вашингтон, Колумбия аймағы, АҚШ.

Бүгінгі күні Чалмерс мырза ACDI/VOCA-да ауыл аудандары мен кәсіпкерлікті дамыту және бәсекелестік мәселесін кешенді дамытудың қаржылық қызметтері бойынша аға техникалық директоры болып қызмет атқарады.

Мексикадағы USAID миссиясымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер ретінде құны 10 млн. доллар тұратын аталмыш елдегі микроқаржылық секторға бағытталған 5-жылдық жобаны әзірлеп, жүргізді.

Әр уақытта Чалмерс мырза USAID, МАБР, Бүкіл әлемдік банк, сондай-ақ Үкіметтік емес ұйымдар мен жеке компанияларда қызмет атқарған. Бүгінгі күні Орталық Азиядағы МҚҰ көтерме кредит ұсынатын қаржылық ұйым - Frontiers кеңесінің мүшесі болып табылады.

Чалмерс мырзаның халықаралық қаржы мен латын-америкалық зерттеулер саласына бағытталған халықаралық қатынастар саласындағы магистр дәрежесі бар.
?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success