Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Шәмшиева Гүлнара Жаманқұлқызы
Гүлнар Жаманқұлқызы KMF Қадағалау Кеңесінің мүшесі лауазымына 2011 жылдың 28 наурызындағы KMF Жалпы жиналысының шешімімен тағайындалды.

2011 жылдың 30 қарашасынан бастап, KMF Қадағалау кеңесінің Төрайымы болып табылады.

2011 жылдың 12 мамырынан бастап, KMF Қадағалау кеңесінің аудит жөніндегі комитетінің мүшесі.

2015 жылдың 6 ақпанында KMF Қадағалау кеңесінің сыйақыларды төлеу және кадр мәселелері жөніндегі Комитет мүшесі лауазымына сайланды.

Гүлнар Жаманқұлқызы микроқаржыландыру индустриясында 1997 жылдан бері қызмет етеді.

1997-2001 жылдар аралығында Қырғызстандағы ACDI/VOCA өкілдігінде бухгалтер және қаржылық шолушы лауазымында болды.

2001 жылы «Bai-Tushum&Partners», Қырғызстан МҚК БС Бас директоры лауазымына сайланды.

Гүлнар Жаманқұлқызы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін құқық және экономика мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. Қаржылық және әкімшілік тіркеу бойынша CARANA және IBTCI мамандандырылған курсынан өтті. САР сертификатының иегері, бухгалтерлер мен аудиторлар ұйымының мүшесі, сондай-ақ MFC және өзге де халықаралық оқу орталықтарының сертификаттарының иегері. Манчестердегі (АҚШ) Шағын кәсіпорындарды дамыту институтының оқу бағдарламасының арнайы курсынан өтті. 2008 жылы АҚШ Банк Ассоциациясының Банк мектебінен біліктілігін арттырды.
?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success