cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Татьяна Адиетова

Татьяна Адиетова – Қарағанды ​​қаласының тұрғыны. Ол 2017 жылы қиын да болса әлеуметтік маңызы бар кәсіпті қолға алып, «Благодать» қарттар үйін ашқан. Ол кәсібін 20 орындық шағын бөлмеден бастапты. Кейінірек оны кеңейтуді ойлап, KMF-ке келген. Осылайша Татьяна Адиетова үлкенірек үй-жай алып, кәсібін дамытты. Бүгінде Қарағандыда алты, елорда мен Қостанайда бір-бір қарттар үйі бар. Барлығын қосқанда шамамен 300 адам тұрады.

Қарттар үйінде массаж және емдік процедуралар қарастырылған, бір сөзбен айтқанда қарияларға толық күтім көрсетіледі.

2021 жылы Татьяна Адиетова кәсіпкер әйелдерге арналған KMF Isker Hanymy байқауы жеңімпаздарының қатарынан табылды, кәсіпкер «Әлеуметтік бизнес» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Татьянаның алдағы жоспары – кәсібінің ауқымын кеңейтіп, Қазақстанның басқа қалаларында қарттар үйін ашу.


«KMF-тің қаржысы мен қарттардың батасы өрлеткен бизнес»