cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Сабыржан Анарбаев

Анарбаев Сабыржан Төреханұлы Кентау қаласында тұрады. Ол жеті жыл бұрын 2000 жылдық тарихы бар Қарнақ ауылынан жер сатып алып, шаруа қожалығын дамытуды бастаған. 11 гектар жерді игеріп отырған ол бүгінде бау-бақшада өрік, жүзім, шабдалы мен алма өсіреді. Оның айтуынша, бақшада алманың сегіз, өріктің алты, ал шабдалының бес түрі бар.

«10 жұмысшым бар болатын. Осы айдан бастап тағы бес адам алғалы жатырмын. Олардың төртеуі тауда мал бақса, қалғаны бау-бақша жұмысымен айналысады, ағаштарды шырмауықтан тазартады, суғарады. Аспаздар да бар. Жұмысшыларды түскі аспен қамтамасыз етемін, өйткені олар да шаршайды, қиналып кетеді. Ұзындығы 570 метр, ені 200 метр жерде жүру оңай емес. Бәрі осы ауылдың тұрғындары», - дейді Сабыржан Анарбаев.

Шаруа қожалығының иесі таң атысымен егіс алқабына келіп, кешқұрым қайтады. Ол бау-бақшаны жұмысшыларымен бірге суарып, ұры-қарының бар-жоғын тексеруді әдетке айналдырған. Өз ісіне жанашыр жан бұл істі бастар алдында қиын күндерді де бастан кешіріпті. 

«1963 жылы дүниеге келдім. 1985 жылдан бері екінші топтағы мүгедекпін.  Мырғалымсайдағы Ащысай полиметтал комбинатында жұмыс істеп, жарақат алғанмын. Содан бері емделіп, денсаулығымды қалыпқа келтірдім. Осылайша , жеті жыл бұрын жер алып, оны қоршап, көшет еге бастадым. Мұнда бүгінде 4300 көшет, 12 мың түп жүзім бар», - дейді ол.

Анарбаев 2015 жылы алған жерді қоршауға екі жылын жұмсап, көшеттерді жанұясымен бірге отырғызған. Ал жұмысшыларды тек биыл алып отырмын дейді ол.

Кәсіп бар жерде қаржыландыру қатар жүреді. Осы тұста кәсібі үшін қаржыны тек KMF-тен алатын ол  бұл шешімінің құпиясын айтты.

 «Маған KMF-тен басқа ұйымның қажеті жоқ. Алдағы уақытта да осы ұйыммен жұмыс істеуге әзір болып отырмын. Мұнда келдің бе, несиеңді жап та, ала бер деген ұстаным бар. Тіпті, бір несиеңді жаппай тұрып, екіншіге өтініш беру мүмкіндігі бар», - дейді ол.

Кәсіпкердің айтуына қарағанда, жеміс-жидектерді шаруа қожалығына келіп, сатып алатындар бар, осылайша ол өнімдерін тұтынушыларға тікелей өткізеді. Сабыржан Анарбаев жеміс-жидектен бөлек, мал шаруашылығымен де айналысады. Бүгінде оның 164 ірі қарасы бар. Бастапқыда 62 сиыр сатып алған ол 12 жылдан бері KMF клиенті болып келеді.

 «5 млн, 2 млн, 3 млн теңгені де, 11 млн теңгені де алдым. Бұл компания артық әуреге салмайды. Ары-бері қағазға жүгіргенім де есімде емес. Әр клиенттің өз несие сарапшысы болады. Сол қызметкермен тікелей жұмыс істейміз. Төлем жасайтын кезде, несие алатын уақытта тез арада көмекке келеді», - дейді ол.

«Артық әуреге салмайды»