cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Канат Тастанов

Түркістан облысы Бесауыл ауылының тұрғыны Қанат Тастанов 20 жылдан бері диқаншылықпен айналысады. Ол пияз, маш, жүгері егеді. Егіншіліктен бөлек мал шаруашылығын да қатар қолға алып келе жатқан ол 6 жылдан бері KMF-тің тұрақты клиенті.

«KMF-ті таңдаған себебім – жеңілдетілген кезең бар. Несиені алғаннан кейін бастапқыда аз ғана сомадан төлеп, кейін егін жиғанда негізгі қарызды бірақ төлеуге болады, мұндай жағдай кез келгенде жоқ», - дейді ол.

KMF Qurmet ниеттестік бағдарламасы шеңберінде өткен ұтыс ойынының жеңімпазы Қанат Тастанов табыстың басты құпиясы адалдық пен ерінбеуде деп есептейді.

«Жеңіске жеткеніме қатты қуаныштымын, бұл компанияға айтар алғысым шексіз. Осындай науқандар көбірек бола берсін. Кәсіпті дамытуға көмек беріп отырғандарыңыз үшін мың алғыс, кәсіпкерлік дамыса ел дамиды, халықтың дәулеті артады», - дейді ол.