cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу



МИКРОКРЕДИТКЕ ӨТІНІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАРАУ ТӘРТІБІ

Сипаттамасы: Қарыз алушы алғаш рет жүгінген кезде KMF микрокредит беру түрлері мен шарттары бойынша бөлімшелерде немесе бизнес, жұмыс орындарында – офлайн; 
қашықтағы арналар: байланыс орталығы және корпоративтік сайт арқылы -  онлайн түрде алдын ала кеңес беріледі.
 
Кеңес беру жүргізуге уәкілетті қызметкерлер Өтініш берушінің және/немесе Қарыз алушының қажеттіліктерін, қарыз алушылардың мақсатты тобына сәйкестігін анықтайды. Шарттар туралы, оның ішінде микрокредитті алу және қызмет көрсетуге байланысты шығындары туралы хабарлайды.