- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Әйел кәсіпкерлер бизнесін дамытуға 2 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант ала алады
Әйел кәсіпкерлер бизнесін дамытуға 2 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант ала алады
KMF Банк «KMF-Демеу» қорымен бірлесіп, өз кәсібін дамытып жатқан әйелдерді қолдау мақсатында KMF Isker Hanymy гранттық бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында 20 кәсіпкер әйел өз ісін дамытуға арналған әрқайсысы 2 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болады.
Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша 10 жеңімпаздан анықталады.
Бағдарламаға қалай қатысуға болады
Бағдарламаның бірінші кезеңі өтінімдерді қабылдаудан, 10 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 10 желтоқсанға дейін жалғасады. 10 жеңімпаздың есімі 2026 жылғы 30 желтоқсанға дейін жарияланады.
Екінші кезең 2026 жылғы 11 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 наурызға дейін өтеді. Екінші кезеңнің қорытындысы 2027 жылғы 30 наурызға дейін шығарылады. Нәтижесінде тағы 10 қатысушы бизнесін дамытуға арналған грантқа ие болады.
Бағдарламаға 30 жастан 68 жасқа дейінгі, KMF Банк клиенттері болып табылатын және 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап рәсімделген қолданыстағы кредиті бар әйел кәсіпкерлер қатыса алады. Бұл ретте кредит бойынша табыс көзі жеке бизнес немесе ауыл шаруашылығы болуы тиіс.
Қатысу үшін не істеу керек:
- demeu4business.kz порталында тіркеліп, оқудан өту;
- кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға арналған 9 бейнесабақты оқу;
- қорытынды тестілеуден өту;
- қордың оқыту порталы арқылы бизнес-жоспар әзірлеп, ұсыну қажет.
Жеңімпаздарды арнайы комиссия ұсынылған өтінімдер мен бизнес-жоспарлар негізінде анықтайды.
20 жеңімпаздың әрқайсысы 2 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қаржылай қолдауға ие болады. Қаражат гранттық бағдарлама талаптарына қатаң сәйкес бизнесін дамытуға және ауқымын кеңейтуге бағытталуы тиіс.
Бағдарлама қатысушыларына бұдан бөлек Банктің серіктестері ұсынатын, бизнес жүргізуге және өзіне қамқорлық жасауға байланысты күнделікті міндеттерді шешуге көмектесетін пайдалы сервистерге қолжетімділік беріледі.
Бағдарлама аясында барлық қатысушыға Банктің мобильді қосымшасында қолжетімді «Сен жалғыз емессің» сервисін пайдалану мүмкіндігі беріледі. Бұл сервис арқылы олар сарапшылардан - заңгерлерден, психологтардан және басқа да мамандардан тегін кеңес ала алады.
Қатысу шарттары, өтінімдерге қойылатын талаптар мен құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпарат мына сілтемеде.