cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Әлеуметтік рейтинг

Социальный рейтинг

Microfinanza Rating халықаралық рейтинг компаниясы КМF-тің әлеуметтік рейтингі бойынша есебін жаңартып, оны «АА-» ретінде бағалады. Бұл бағалау алдыңғы А+ бағалауынан жоғары және компаниядағы әлеуметтік әсер ету және клиенттерді қорғау жүйелерін тамаша басқаруды, миссияға қол жеткізудің жоғары ықтималдығын көрсетеді. KMF рейтингті бағалау процедурасынан алғаш рет 2015 жылдың наурызында өтті, ол кезде «А» рейтингісі берілген болатын. Компания бағалау процедурасынан 2017 жылдың қаңтарында қайта өтті – рейтинг A+ дейін жоғарылады.

Бұл рейтингті алу клиенттердің, қоғамның және қызметкерлердің алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктің дамығандығын куәландырады. Әлеуметтік рейтинг компания қызметінің әлеуметтік көрсеткіштері туралы сараптамалық қорытынды береді, сонымен қатар Орталық Азияның ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдегі микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) салыстыру мүмкіндігін береді. Әлеуметтік рейтинг компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуда, сонымен қатар микроқаржыландыру нарығында тиімділік пен ашықтықты арттыруда маңызды рөл ойнайды. «КМF Латын Америкасының шегінен тыс АА- ретінде бағаланған бірінші МҚҰ. 2007 жылдан бері әлеуметтік рейтинг алған компаниялардың дерекқорында осындай бар-жоғы екі ұйым ғана бар – бұл KMF және Banco FIE Bolivia», - деп нәтижелерді түсіндірді Microfinanza Rating рейтинг комитетінің басшысы Киара Пескатори.