sdfsdfsdfsdf #
Жобалар

KMF» МКҰ өз қызметінде әлеуметтік жауапкершіліктің қағидасын басшылыққа алады және қоғамның өміріне белсенді түрде араласады. Біздің жобаларымыз үш бағыт бойынша бөлінуі мүмкін:

Балаларға арналған жобалар

Спорт

Өзінің құрылған сәтінен бастап (1997 жыл) және қазіргі уақытқа дейін KMF дене тәрбиесі мен спортқа демеушілік көрсету саласындағы мақсатты біртұтас саясатын жүргізіп келеді, балалар мен жасөспірімдердің футбол командаларының қызметіне қолдау көрсете отырып, республикадағы балалар футболының дамуына қатысуда.

Соңғы бес жыл бойы компания жасөспірімдердің арасында KMF жүлдесіне еркін күрестен Республикалық жарысты дайындауға және өткізуге белсенді түрде қатысып келеді.

Балаларға көмек

Компания аз қамтылған отбасылардың, мектеп-интернаттардың балаларына қайырымдылық көмегін көрсетіп, бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызды бағдарламаларға демеуші ретінде қатысады. KMF Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асатын жобаны - Ақмола облысының Первомайское а. Мүгедек балаларға арналған Балалар үйінің құрылысын бірлесіп қаржыландыруға қатысты.

Дәстүрлі жобалар

Шымкент қ-ғы «Әйел және бизнес» Аймақтық Конференциясы

KMF дәстүрлі түрде Шымкент қаласында ұйымдастыратын конференция жыл өткен сайын Оңтүстік Қазақстан облысының ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа да аймақтарының әйел кәсіпкерлерінің арасында барған сайын танымал бола түсуде. Конференцияның басты мақсаттарының бірі қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу, әйелдің отбасында, қоғамда және бизнестегі алатын орнын нығайту болып табылады.

Қазақстан халықтарының тілі күні

KMF жыл сайын Қазақстан халықтарының ассамблеясымен бірлесіп, республикада тұрып жатқан халықтарға көрсетілген құрмет ретінде «Қазақстан халықтарының тілі күні» мерекесін өткізеді. Бүгінгі күнде 32-ден астам ұлттың өкілдері компанияның клиенттері болып табылады. Әр халықтың өз мәдениеті, қызықты салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары бар, ал мереке әр түрлі ұлт өкілдерінің қалай өмір сүріп жатқанын әңгімелеп беруге және көрсетуге жақсы тұғырнама қызметін атқарады. Бұл шараға компанияның қызметкерлері де, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері де, және, әрине ұйымның клиенттері, қонақтар ретінде қатысады.

Ардагерлерге көмек

Жыл сайын 9 мамыр қарсаңында Компания Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне қаржылай қайырымдылық қолдауын көрсетеді. Компанияның барлық филиалдарында салтанатты жиналыстар мен мерекелік түскі астар өткізіледі, оларда ҰОС ардагерлеріне сыйлықтар мен материалдық көмек табыс етіледі. Компания сондай-ақ ардагерлердің бастамаларына қолдау жасап және жерленген орындарға баруды ұйымдастыруға көмектеседі.

Экология және Біз

Қоғамдық – экологиялық мәселелер заманауи әлемде ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі біздің болашағымыз олардың шешіміне немесе бейжалығына тікелей байланысты болады. Сол себепті, компания аталған мәселелерден тыс қалмай, көптеген экологиялық шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады. Компания қызметкерлері қалалық және республикалық ауқымда өткізілетін әлеуметтік-экологиялық мәселелерге қолдау көрсетіп, бұлақ көзін ашу, ағаш отырғызу, кеңсе аумағын көріктендіру секілді шараларға белсенді атсалысады. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдармен жемісті серіктестігінің нәтижесінде, Компанияның халықаралық жобалар мен бастамаларға қатысуына мүмкіндік туып отыр.

#
# ЗАЯВКА НА ОБУЧЕНИЕ
Это займет меньше минуты!
Как Вас зовут? *
Ваш телефон *
Ваш email *
Дата проведения *
Где Вы живёте *
Посещали ли Вы ранее наши семинары?
#
# КНИГА ЖАЛОБ
ФИО
Email
Тема
Город проживания *
Ваш вопрос
Защита от роботов
CAPTCHA      
#
# ЗАДАТЬ ВОПРОС
ФИО
Email
Тема
Город проживания *
Ваш вопрос
Защита от роботов
CAPTCHA      
#
# Есебі
#
# Кредитке өтінім беру
Ол аз минут алады!
Аты-жөніңіз *
Телефон *
Тұрғылықты жеріңіз *
Жұмыс орнының/бизнесінің мекенжайы
ИИН*
Цель кредитования
Кредит сомасы *
тенге
Кредит мерзімі *
месяцев
Соңғы 6 айдағы табысы*
Код с картинки*
CAPTCHA
   
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісесіз бе