cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Әлеуметтік жауапкершілік

KMF-тің Корпоративтік Әлеуметтік Жауапкершілігі - бұл біздің бизнесімізді жауапкершілікпен және қызметтің ұзақ мерзімді табысына баса назар аудара отырып басқару. Біз, ертеңгі табысымыз біздің бүгін ие болатын сенімге тәуелді екенін білеміз. Біз клиенттеріміздің, акционерлердің, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың күткеніне сәйкес болуға тырысамыз.

Қызметкерлер
Қызметкерлер

Қызметкерлерге ашық және әділ қарым-қатынаста болу, әлеуметтік кепілдіктерді ұсыну және қызметкерлерімізге қамқорлық жасау бұл біздің қызметкерлердің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің негізі.

 Әлеуметтік Әсер
Әлеуметтік Әсер

Миссиямызды клиентке және қызметкерлерге үнемі қамқорлықпен қарау арқылы жүзеге асыра отырып біз кредиттеріміздің әлеуметтік әсері туралы айтамыз.

Қоғам және қоршаған орта
Қоғам және қоршаған орта

Біз елімізде болып жатқан қоғамдық үдерістерге, мемлекеттің әлеуметтік бағдарды ұстанған бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ өзіміздің балалар спортын дамыту, қайырымдылық, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаларымызға қатысуды өзіміздің азаматтық борышымыз деп санаймыз.

 Клиенттер
Клиенттер

Біз Smart Campaign бастамашы болған Клиенттерді Қорғаудың қағидаларын қолдаймыз және компаниямызда осы қағидаларды нығайтудың саясатын жүргіземіз. Бұл Қағидалар, бірінші кезекте табысының деңгейі төмен клиенттерді тиімсіз қаржы қызметтерінен қорғауға және оларға қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге арналған. Бұл компанияның барлық қызметкерлерінің клиенттерімізге қатысты әлеуметтік жауапкершілікті сақтауының және оларға қоғамның да қатысуының негізі және кепілдігі.


KMF-тің әлеуметтік жауапкершілігінің негізі болып табылады:

  • Риясыз іскерлік этика.
  • Клиентті қорғаудың қағидаларын сақтау.
  • Халықтың барлық тобына қызмет көрсету және шағын қаржы қызметтеріне қол жеткіздіру.
  • Қызмет көрсетудің сапасын үнемі арттырып отыру - клиенттің қажеттіліктеріне сәйкес келуді қамтамасыз ету.
  • Қоғамдық және әлеуметтік, соның ішінде экологияны қорғау жөніндегі бастамаларға қолдау көрсету.

Әлеуметтік кызмет туралы есеп

Әлеуметтік кызмет туралы есеп
Әлеуметтік кызмет туралы есеп
Подробнее