KMF-тің Корпоративтік Әлеуметтік Жауапкершілігі - бұл біздің бизнесімізді жауапкершілікпен және қызметтің ұзақ мерзімді табысына баса назар аудара отырып басқару. Біз, ертеңгі табысымыз біздің бүгін ие болатын сенімге тәуелді екенін білеміз. Біз клиенттеріміздің, акционерлердің, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың күткеніне сәйкес болуға тырысамыз.
Қызметкерлерге ашық және әділ қарым-қатынаста болу, әлеуметтік кепілдіктерді ұсыну және қызметкерлерімізге қамқорлық жасау бұл біздің қызметкерлердің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің негізі.
Миссиямызды клиентке және қызметкерлерге үнемі қамқорлықпен қарау арқылы жүзеге асыра отырып біз кредиттеріміздің әлеуметтік әсері туралы айтамыз.
Біз елімізде болып жатқан қоғамдық үдерістерге, мемлекеттің әлеуметтік бағдарды ұстанған бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ өзіміздің балалар спортын дамыту, қайырымдылық, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаларымызға қатысуды өзіміздің азаматтық борышымыз деп санаймыз.
Біз Smart Campaign бастамашы болған Клиенттерді Қорғаудың қағидаларын қолдаймыз және компаниямызда осы қағидаларды нығайтудың саясатын жүргіземіз. Бұл Қағидалар, бірінші кезекте табысының деңгейі төмен клиенттерді тиімсіз қаржы қызметтерінен қорғауға және оларға қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге арналған. Бұл компанияның барлық қызметкерлерінің клиенттерімізге қатысты әлеуметтік жауапкершілікті сақтауының және оларға қоғамның да қатысуының негізі және кепілдігі.