Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

27 Мамыр 2015 27 мамырда Қарағанды облысы, Атасу ауылында жаңа бөлімшенің салтанатты ашылуы болып өтті

2015 жылдың 27 мамырында KMF-тің Қарағанды филиалынының стратегиялық жоспарлауына сәйкес, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында жаңа бөлімше ашылды.

Ашылу салтанатына жергілікті атқару билік өкілдері шақырылды: ауыл әкімі Р.Т. Оспанова, ауданның кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің өкілдері, серіктестер, сондай-ақ Атасу ауылының жергілікті тұрғындары.

Шараны Қарағанды филиалының директоры Тұрсынбаев Жандос Жұмажанұлы құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ, бөлімшенің жаңа менеджері Құлмағанбетов Абылаймен таныстырды. Ауыл әкімі Р.Т.Оспанова да ізгі тіліктері мен жылы лебіздерін білдірді.

Атасудағы бөлімшенің ашылу құрметіне орай бөлімшенің алғашқы клиенті келген қонақтардың қолдауымен қызыл жолақты кесу құрметіне ие болды.

Алғашқы күннің өзінде ауыл тұрғындары кредит алып, KMF-тің алғашқы клиенттері атанды.

Жаңа бөлімше ауыл кәсіпкерлерінің бизнестерін дамытуға және оған қаржылай қолдау көрсету арқылы ықпал етеді, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қаржылық қолдауды талап ететін шұғыл шаруаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

КМF - осы елді мекенде ашылған алғашқы микроқаржылық ұйым болып табылады.

Атасу бөлімшесінің мекенжайы Сәкен Сейфуллин көшесі, 20-үй.
тел: 8 (71030) 2-76-01


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success