cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Әйелдер мен жастар үшін жаңа мүмкіндік: ЕҚҚДБ мен KMF 25 миллион долларлық келісімге қол қойды

Әйелдер мен жастар үшін жаңа мүмкіндік: ЕҚҚДБ мен KMF 25 миллион долларлық келісімге қол қойды
Жаңалықтар
15 мамырда Ереванда Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) тұрақты даму жөніндегі 33-нші жыл сайынғы кездесуі мен бизнес-форумында ЕҚҚДБ мен KMF арасында 2 келісім жасалды. Осы келісімдер шеңберінде 25 миллион доллар көлеміндегі қаражат кәсіпкер әйелдер мен жастардың кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруға бағытталатын болады.

"Еуропа қайта құру және даму банкімен келісім біздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығымызды растайды және кәсіпкер әйелдер мен жастардың кәсіпкерлік жобаларын қолдау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл қаражат бізге экономиканың дамуына және барлығына тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған миссиямызды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді. Біз ЕҚҚДБ-мен жасалып жатқан ынтымақтастығымыз ұжымдық құндылықтарымыз бен тұрақты даму стратегияларымызға толық сәйкес келетінін мақтан тұтамыз. Бұл бізге тұрғындардың негізгі топтарының экономикалық жағдайын нығайтып қана қоймай, неғұрлым берік және инклюзивті қоғам құруға ықпал етеді", - деп атап өтті KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

IMG_3913.JPG

Келісімдер ЕҚҚДБ әзірлеген "Бизнестегі әйелдер" және "Бизнестегі жастар" бағдарламалары шеңберінде жасалды. Екі бағдарлама да әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастар басқаратын немесе оларға тиесілі микро, шағын және орта кәсіпкерлікке көмектесу мақсатында жасалған.

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
26.06.2024
Назар аударыңыз! KMF клиенттері үшін маңызды ақпарат
Құрметті клиенттер!
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде KMF компаниясының атынан жалған парақшалар ашып, жалған жарнамалар таратушылар көбейіп кетті.
Алаяқтық...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
03.06.2024
KMF акционерлік қоғамға айналды
«KMF (КМФ) «Микроқаржылық ұйымы» ЖШС «KMF (КМФ) «Микроқаржылық ұйымы» акционерлік қоғамы болып мемлекеттік қайта тіркеуден өтті
Толығырақ
news
Жаңалықтар
30.05.2024
KMF пен «Қазпошта» серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды
KMF қаржыландыруы бұрынғыдан да қолжетімді болмақ. Олай дейтініміз, KMF компаниясы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы серіктестік жөніндегі келісімшарт...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
28.05.2024
KMF 20 млрд теңгеге облигациялар шығарды
KMF компаниясы "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда алаңында купондық облигацияларын орналастырды. Сауда-саттыққа шығарылған құнд...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
13.05.2024
KMF Қазақстан қор биржасына облигацияларын шығаруды жоспарлап отыр
Осылайша KMF құнды қағаздарын төртінші рет шығармақ. Андеррайтерлер: "Halyk Finance" АҚ, "BCC Invest" АҚ және "Сентрас Секьюр...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
24.04.2024
Орал қаласындағы клиенттердің назарына!
Құрметті клиенттер! Орал қаласындағы бөлімшеміз 24 сәуірден бастап штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз!
Толығырақ
news
Жаңалықтар
16.04.2024
Орал қаласындағы клиенттердің назарына!
Құрметті клиенттер, су басу жағдайларына байланысты KMF бөлімшесі 17-23 сәуір күндері жабық болатынын хабарлаймыз!
Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.04.2024
Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге қолдау
Толығырақ
news
Жаңалықтар
27.03.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,

Техникалық жұмыстарға байланысты 27 наурыз сағат 22.00-ден 28 наурыз сағат 01.00-ге дейін 7474 желісі қолжетімсіз болады.
Кеңес алу...
Толығырақ