ҚНРДА қаулысына сәйкес KMF-те мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге болады.

ҚНРДА қаулысына сәйкес KMF-те мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге болады.
Жаңалықтар

Құрметті клиенттер!

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі –ҚНРДА) 2021 жылғы 16 шілдедегі №82 Қаулысына сәйкес KMF микроқаржылық ұйымы сізге кредит беру талаптары бөлігінде микрокредит беру туралы шартты өзгерту арқылы мерзімі өткен берешекті реттеу мүмкіндігін ұсынады.

Бұл мүмкіндік тек жеке тұлға болатын қарыз алушыларға беріледі!

Мерзімі өткен берешекті реттеу үшін Сіз:

1)      +7 778 746 39 28 нөмірі бойынша арнайы бөлінген желіге қоңырау шаласыз.

2)      қажетті ақпаратты ұсынасыз: аты-жөніңіз, кредиттік шарттың нөмірі, ЖСН.

3)      желідегі қызметкерден нақты сіздің жағдайыңызға байланысты өтінішті қалай толтыру қажеттігі туралы кеңес аласыз.

4)      өтінішті restruct@kmf.kz электрондық поштасына жолдай аласыз немесе KMF бөлімшесіне келген кезде өзіңіздің кредиттік сарапшыңызға бере аласыз. KMF барлық бөлімшелерінің мекенжайлары https://kmf.kz/contacts/ сілтемесі бойынша сыртқы сайтта көрсетілген.

 

Берешекті реттеу шарттары және тәртібі

1.                  KMF микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімін өткізу орын алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушыны ол туралы хабардар етеді (шартта көзделген байланыс құралдарын пайдаланып).

2.                  Қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімін өткізу орын алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өз бастамасымен KMF-ке келіп, микрокредит беру туралы шарт талаптарына өзі ұсынатын өзгерістер көрсетілген өтінішті қалдыра алады. Ондай өтініште мерзімін өткізу себептері, кірістер және шарт талаптарына өзгерістер енгізуге себеп болған басқа расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәлімет көрсетілуі тиіс.

3.KMF ұсынылған өзгерістерді қарыз алушының өтінішін алған күннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырады. Қарыз алушы мәліметтер мен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, оларды 5 жұмыс күні ішінде өткізуі қажет.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша KMF қарыз алушыға кейінгі іс-әрекеттердің үш нұсқасын хабарлайды.

1) Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келіскен жағдайда, қарыз алушы KMF мұндай шешімді қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тиісті қосымша келісімге қол қоюы қажет;

2) KMF берешекті реттеу бойынша өз ұсыныстарын хабарлайды. Бұл ретте қарыз алушы KMF мұндай шешімді қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде KMF-ке өз жауабын беруі керек;

3) Микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартқан жағдайда, KMF бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсетеді.

Егер қарыз алушы KMF-тің ұсыныстарымен келіспеген жағдайда немесе шарт талаптарын өзгертуден бас тарту алған кезде, ол KMF шешімін алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде KMF-ке хабар бере отырып, уәкілетті органға (ҚНРДА) жүгінуге құқылы. Уәкілетті орган мұндай өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қарайды.

Қарыз алушы барлық арыздарын, жауаптарын және басқа өтініштерін арнайы restruct@kmf.kz электрондық пошта мекенжайына жібереді немесе KMF бөлімшесіне барғанда өзінің кредиттік сарапшысына береді.

KMF-тің барлық бөлімшелерінің мекенжайлары https://kmf.kz/contacts/ сілтемесі бойынша сыртқы сайтта көрсетілген.

Тағы оқыңыз

news
Ұсынымдар
29.07.2022
ЕҚДБ KMF компаниясына 25 млн доллар көлемінде кредит береді

Тараптар тиісті құжатқа қол қойды. Қаражат әйелдер басқаратын шағын отандық компаниялар мен кәсіпорындарды қолдауға бағытталады.

Толығырақ
news
Ақша жөнінде
05.07.2022
KMF 25 жылдығына орай «Мерейтойлық 25» науқанын бастайды!
Микрокредит сомасы 2 000 000 теңгеден басталады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.07.2022
Қазақстанда іскер ханымдарға арналған республикалық байқау өтеді

Өзінің 25 жылдығына орай KMF компаниясы және «KMF-Демеу» қоры «KMF Isker hanymy 2022» жүлдесін тағайындайды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.06.2022
KMF пен Азия даму банкі келісімге қол қойды

KMF пен Азия даму банкі 15 млн долларлық келісімге қол қойды. Бұл компаниямыздың АДБ-мен бірлескен алғашқы жобасы. Бөлінген қаржы әсіресе ауылдық ...

Толығырақ
news
Ұсынымдар
27.05.2022
Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамына ие «B+» деңгейіндегі рейтингті растады және ұлттық рейтингті «Тұрақты» болжамында BBB(kaz) деңгейіне дейін көтерді
Толығырақ
news
Жаңалықтар
24.05.2022
KMF «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды
KMF отандық тауар өндірушілерді қолдап, елордада өткен «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды. Көрменің ашылуына ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов,...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
03.05.2022
KMF «жасыл» технологияларды қаржыландыруды кеңейтіп жатыр
Компания қонақ үйлер мен мейрамханалар үшін «жасыл» қаржыландыру бағдарламасын ұсынды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
18.04.2022
KMF Талғарда (Алматы облысы) болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесті
KMF-те қызмет көрсету жағдайлары мен шарттары қарастырылды.
Толығырақ
news
Ақша жөнінде
04.03.2022
KMF MOST Ventures венчурлық қорының капиталына $2 млн инвестициялайды
Келісім шарттарына сәйкес MOST Ventures алынған қаражатты қаржылық IT-шешімдер саласында маманданған жас кәсіпкерлердің стартаптарына бағыттайды.
Толығырақ