cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

KMF «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды

KMF «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды
Жаңалықтар

KMF отандық тауар өндірушілерді қолдап, елордада өткен «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды. Көрменің ашылуына ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Парламент депутаттары, бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Көрмені ұйымдастырған – «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.

 

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бүгінде кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді шаралары жүзеге асырылып жатқан көрінеді. «Мәселен, соңғы 5 жылда шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімінің үлесі 27-ден 33 пайызға дейін өсті», - деді премьер-министр.

 

Сондай-ақ ол мемлекет басшысының шағын және микробизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялауы бизнес жүргізуге үлкен жеңілдік еткенін атап өтті. Отандық кәсіпкерлердің дамып, өндіріспен айналысуына бар жағдайдың жасалып жатқанын кәсіпкерлер де растап отыр. Көрмеге қатысқан Сейдахметовтер отбасы кәсіппен айналысуды 2017 жылдан қолға алған. Бүгінге дейін ағаштан 8 мыңға жуық бұйым жасап үлгерген шеберлер тапсырыстың республиканың әр түпкірінен келіп түсетінін айтады.

 

«Әкем КСРО кезеңінде Щучинск жиһаз фабрикасында көп жылдар еңбек еткен шебер. Мен бала кезден үй жанындағы шеберханада, жоңқаның арасында ойнап өстім. Осыдан 4 жарым жыл бұрын әкем отбасылық кәсіпті бастап, ағаштан түрлі бұйым жасау бизнесін қолға алуды ұсынды, бізге лазермен кесу ісін тапсырды. Сөйтіп станокпен қалай жұмыс істеу керегін үйреніп, ары қарай Интернеттен қарап, зерттеп, айналыса бастадық», - дейді Нұрсұлу Сейдахметова.

 

Қазіргі таңда Қазақстанның құрылыс саласындағы ең ірі компаниялар халықаралық форумдар мен жиындарда сыйлау үшін ағаштан жасалған түрлі бұйымдарға тапсырысты Сейдахметовтерге беретін болған. Ағаштан ойып жасалған дүниелердің ерекшелігі мен әдемілігі сондай бұл отбасындағы алтын қолды шеберлер туралы фильм түсіру де ұсынылыпты.

 

«Әкемнің қолынан шыққан бұйымдарға кез келген адам қызығады, тіпті ол туралы кітап та, мақала да, фильм де шығару ұсынылған болатын. Алайда оның қарапайымдылығы сондай ешбіріне келіспеді. Ол ағаштан жиһаз да, картина да, үйге, кеңсеге қажетті заттарды да жасайды. Көптеген компания мерекелерде ұжымдық сыйлықтарға тапсырыс береді», - дейді ол.

Кәсіптің арқасында жеке цех ашқан отбасы бизнесіне қолдау көрсеткен KMF компаниясына алғысын жаудырды.

«Өткен Жаңа жылда жеке рекордымызға қол жеткіздік, бір жарым айда 2 мыңнан аса сыйлық қорабын ағаштан ойып жасадық. Бұл кәсіп, ал кәсіп бар жерде қаржыландыру қатар жүреді. Өндіріс қуатын арттыру үшін қосымша лазер станоктар қажет болды, ол үшін қаржыны KMF компаниясынан алдық, ал бүгін мынадай ауқымды көрмеге қатысып отырмыз. KMF-ке алғысымыз шексіз», - дейді кәсіпкерлер отбасы.

 

Ал кәсіпкер Гүлнар Жүнісова ұлттық киімдер тігумен айналысады. Бұл іспен айналысқанына 40 жылдан асқан шебер кейінгі ұрпаққа ұстаздық етіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп келеді.

 

«Қазақтың ұлттық киімдерін, қазақтың қазаққа ғана тән құндылықтарын біз дәріптемесек, үйретпесек ол басқа ешкімге керек емес. Сол үшін де көп жылдан бері шәкірттеріме ұлттық киімдер тігуді үйретіп келемін. Жалпы еңбек жолымды Семейде бастадым, Абайдың 150 жылдығында әртістерге, гидтерге, жалпы сол шараға қажет болған ұлттық киімнің барлығын мен тіктім. Кейін сол кездегі Астанаға көшіп, кәсіп ашуды ойлай бастадым. Семейде мені барлық жұрт білетін, алайда жаңа мекенде бастапқыда қиын болды», - дейді ол.

 

Еш қиындыққа мойымастан кәсібін жалғастырған шебер қазақстандық көптеген әртіске костюм тіккен, олардың арасында Димаш Құдайберген де бар. Бүгінге дейін қаншама кедергіні еңсеріп, көптеген жетістікке жеткен кәсіпкер тапсырыстарды орындау үшін қаржы қажет болғанда қол ұшын созған KMF-ке алғысын жеткізіп, бұл компаниядан бір сәтке қол үзбегенін айтады.

 

«Әлі есімде, осыдан 10 жыл бұрын KMF-тен ең алғаш рет 250 мың теңге алдым, оны бірден жауып, 1 млн теңге керегін айттым. Маған және кәсібімнің жүріп кететініне сеніп, сол қаржыны қолыма ұстатты. Алған тапсырыстарымды орындап, оны да бірден жаптым. Содан бері қол үзбестен кәсібімді бірге дамытып келеміз. Қаржы керек бола қалса KMF-ке барамын, мұның барлығы отандық кәсіпкерлер мен отандық өндіріске деген қолдау», - дейді Гүлнар Жүнісова.

 

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
27.03.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,

Техникалық жұмыстарға байланысты 27 наурыз сағат 22.00-ден 28 наурыз сағат 01.00-ге дейін 7474 желісі қолжетімсіз болады.
Кеңес алу...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.03.2024
7474 байланыс орталығы қайтадан іске қосылды
Уақытша болған ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз
Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.03.2024
KMF пен JICA микробизнесті қаржыландыруға 50 миллион доллар бөледі
KMF компаниясы жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (Japan International cooperation Agency, JICA) заем туралы келісімшарт жасасты
Толығырақ
news
Жаңалықтар
28.02.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,
Жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты 29 ақпан сағат 22.30-дан 1 наурыз сағат 00.00-ге дейін (жаңа уақыт бойынша) KMF-тің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.12.2023
Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды
Кәсібін нөлден бастап, үлкен жетістікке жеткен бизнес иелері еліміздің түкпір-түкпірінде кездеседі
Толығырақ
news
Жаңалықтар
02.10.2023
KMF қымбатты достарға құнды жүлделер табыс етеді!
KMF топтық микроқаржыландыруға қатысушы клиенттеріне бағалы сыйлықтар мен жағымды бонустар сыйлайды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.09.2023
Өнімдер тізбесіндегі өзгерістер

Сүйікті клиенттер!

Бізде өнімдер тізбесі мен микрокредиттердің атаулары жаңарды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.08.2023
Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамымен «B+» рейтингін растады

Fitch Ratings «Тұрақты» болжамымен «B+» деңгейінде «KMF (ҚМФ)» микроқаржылық ұйымы» ЖШС эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («РДЭ») растады....

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.08.2023
KMF клиенттері арасында миллион ойнатады

KMF шағын және орта бизнесті қолдап, дамыту мақсатында KMF-Qoldau атты науқанды бастады, оның шеңберінде ақшалай жүлделер ойнатылады. Науқанға қатысу...

Толығырақ