Өз бизнесіңді өзің үшін шығынсыз қалай сақтап қалуға болады?

Өз бизнесіңді өзің үшін шығынсыз қалай сақтап қалуға болады?
Жаңалықтар

«Новый регион» газеті, Тараз қ., 05 маусым 2012 ж.

Көп жағдайда қаржылық мәселе қарапайым азаматтарға қарағанда кәсіпкерлерде жиі кездеседі. Бизнес орта жолда тұралап қалмау үшін ол үнемі айналым қаражатымен қамтамасыз етілуі керек. Мұндай қаржы көзін қайдан алу қажет? Дос-жарандардан ба, әріптестерден бе әлде банктен бе? Шешімі бар, ол – микрокредиттік ұйымдар.

Кәсіпкерлер кез келген бизнесті көтеру және әрі қарай дамыту үшін бастапқы капиталдың болуы шарт екендігін жақсы біледі, бұл ретте олардың әрқайсысы өз қаржылық стратегиясын дербес таңдайды: біреуі туыстардан қарыз алады, екіншісі банктен кредит алуға тырысады, ал үшіншісі микрокредиттік ұйымдардың (бұдан әрі - МКҰ) көмегіне жүгінеді.

Микроқаржыландырудың шағын және орта бизнестің өмір сүруін айтарлықтай жеңілдететіндігіне көп көрсеткіштер куә. Бұл МКҰ көрсететін қызметтерге сұраныстың өсуі, халықтың әл-ауқатын жақсарту, халықтың арасында өзін жұмыспен қамти алатын адамдар санын ұлғайту болып табылады. Егер 2010 жылы ҚР микрокредиттік ұйымдары халыққа 379 мыңға жуық кредит берсе, 2011 жылы бұл сан 498 628 кредитке дейін жетті. Берілген кредиттердің сомасы екі есеге өсіп, миллиардтап саналады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 1756 микрокредиттік ұйым тіркелген, оның ішінде 972 ұйым белсенді жұмыс жасайды, ал Жамбыл облысының үлесіне шамамен 105 МКҰ тиеді. Біздің аймақтағы микрокредиттік сектордың қандай даму сатысында екендігі туралы Жамбыл облысы Әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп жөніндегі басқармасының бөлім бастығы Талғат Базарбекұлы Шалдарбеков әңгімелеп берді.

- Бүгінгі күні Жамбыл облысының аумағында соңғы жылдары белсенді жұмыс танытқан 12 МКҰ табысты жұмыс атқаруда. Олардың жұмыстарының табыстылығы микрокредит беру рәсімінің екінші деңгейдегі банктердегі рәсімдерге қарағанда әлдеқайда жеңіл болатындығында. Микрокредиттер қысқа мерзімге кепілсіз беріледі, құжаттар аз талап етіледі. Тағы бір маңызды тұсы - егер банктерде қарыз ұзақ мерзімге берілетін болса, МКҰ-да кредит беру 2 айдан басталады, бұл бизнесі саудамен немесе маусымдық жұмыспен байланысты кәсіпкерлер үшін өте қолайлы.

Талғат Базарбекұлының айтуына қарағанда, микроқаржылық қызметтерге сұраныс өсіп келеді. Жыл сайын республикалық бюджеттен ауыл өндірушілеріне бөлінетін қаржы сомасы да көбейіп келеді. Мәселен, Жамбыл облысының өзіне ғана мемлекеттік қазынадан ауылға микрокредит беру үшін 488 миллион 500 мың теңге аудандар бойынша бөлінді.

Егер Қазақстандағы микроқаржылық сектордың алғашқы бастауы жайлы айтатын болсақ, 1997 жылы құрылған «KMF» микрокредиттік ұйымын атап айтуға болады. Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша ұйымның 14 филиалы және 55 бөлімшесі өз жұмысын дұрыс жолға қойған. Компания жуық арада болған экономикалық дағдарыстың алғашқы қиындықтарын жеңіп қана қоймай, халыққа тиімді шарттармен микрокредиттер беру арқылы өз активтерін белсенді ұлғайтуда.

2003 жылы бұл ұйымның Тараз қаласындағы филиалы ашылды. Бар болғаны 9 жыл ішінде олар қала және қала маңындағы елді мекендер тұрғындарының сенімінен шыға білді.

«КМF» МКҰ филиалының директоры Баян Бабаева былай дейді: 9 жыл ішінде филиал жалпы сомасы он бір жарым миллиард теңгеге 65 мыңнан астам адамға қаржылай көмек жасады. Осы аймақтың бизнес климатын ескерсек, біздің қызметтеріміздің сұранысқа ие және қажет екендігі айқын болды.Олар шын мәнінде кәсіпкерлердің дамуына,жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесті, сонымен бірге өздерінің және елдің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді.

Баян Мұхамедхалымқызының айтуы бойынша «КМF» МКҰ ЖШС клиенттерінің басым көпшілігі әйелдер болып табылады. Олар жеке кәсіпкерлікке кірісіп қана қоймайды, ақшаны басқару, өз бизнесін дұрыс құру, отбасын қаржыландыру, бала оқыту, бизнесті кеңейту мәселелеріне жауапкершілікпен қарай біледі. МКҰ-да кредит алудағы артықшылықтардың бірі келесі кредитті алдыңғысын өтей салысымен алуға болады. Тұрақты клиенттер үшін адалдық бағдарламасы бар, яғни кредиттік мөлшерлеме кредит беру мерзіміне қарай төмендетіледі, ал бұл жеңілдік көпшілікті қанағаттандырады.

- КМF жұмыс жүйесінің екінші деңгейдегі банктерден айырмашылығы клиенттер өз жұмыс орнында отырып‑ақ қызмет алу мүмкіндігіне ие. Офиске келу және қандай да бір құжаттарды жинау үшін уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Барлық тиісті жұмыстарды біздің қызметкерлер орындайды. Клиент офиске бар болғаны екі-ақ рет, яғни кредит алу және оны өтеу үшін келеді. Біздің компаниямызда топтық кредит беру көп сұранысқа ие, оның талаптарына сәйкес ешқандай кепілзат талап етілмейді, микрокредитті бар болғаны 3‑5 жұмыс күні ішінде ресімдеуге болады, - дейді филиал директоры.

Топтық кредит беру әсіресе ауыл тұрғындарына қолайлы. Әдетте, олардың тұрақты жалақысы жоқ, бизнестері шамалы, ал қолда бар табысты растау қиын. Сондықтан, олар жақын дос, көрші, ниеттес адамдардан топ құрай отырып, өздерінің тұрмысын, шаруашылығын жақсартып, мал, мал азығын, ветеринарлық препараттарды, ұрық, тыңайтқыш тағы басқа қажетті заттарды сатып алу үшін бірлескен жауапкершілік бойынша кепілсіз микрокредит алу мүмкіндігіне ие болады.

«КМF» МКҰ ЖШС филиалы Жамбыл облысында ағымдағы жылдың басынан бері миллиард теңгеден астам сомаға бес мыңға жуық кредит берді, оның үш мыңы топтық кредитке жатады.

Жыл өткен сайын микрокредиттік ұйымдардың қызметіне мұқтаж қазақстандықтар саны көбейе түсуде. Алдағы уақытта МКҰ көмегі халықтың өзін өзі жұмыспен қамту деңгейін өсіруге, кірісін көбейтуге және өмір сапасын жақсартуға, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтеруге ықпал ете береді деп сенеміз.

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.11.2022
KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары анықталды!

Алматыда 11 қараша күні керемет шара өтті - KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.10.2022
Кәсіпте қасса алшақтығын несиесіз қалай болдырмауға болады?
Кез келген кәсіпкер касса алшақтығына және қаржының жеткіліксіздігіне тап болуы мүмкін. Әдетте олар мұндай кезде бірден несие алуға асығады. Алайда қа...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
07.10.2022
Микроқаржыландыру мәселелері бойынша заңгерлік көмек
Құрметті клиенттер!

Микроқаржы ұйымдарының жұмысына қатысты сұрақтар туындаса немесе заңгерлік кеңес қажет болса, сіз әрқашан Микроқаржы ұйымдары...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.09.2022
KMF Қостанай облысында болған өрт салдарынан мүлкіне зақым келген клиенттерінің микрокредиттері мен қарыздарын кешіреді.
KMF басшылығы мен ұжымы Қостанай облысында болған өрттен зардап шеккендерге көңіл білдіреді. Тілсіз жаудың кесірінен туған-туысын жоғалтқандарға шын ж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.09.2022
«Даму-Микро» бағдарламасы бойынша бизнесті дамытуға 60 млн тг дейін алыңыз

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынатын «Даму-Микро» бағдарламасы шеңберінде төмендетілген мөлшерлемемен 10 млн теңгеден 60 млн теңгеге дейін рәсімдеңіз....

Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.09.2022
Айхай 25! KMF-ке 25! Туған күніне орай KMF сыйлықтар тарту етеді!

Бизнесті дамытуға 500 000 теңгеден жоғары сома алып, ұтыс ойынына қатысыңыз! 

Толығырақ