Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

7 Тамыз 2017 Қызылорда облысындағы KMF филиалы Алматы облысының клиенттеріне қызмет көрсету бойынша өз мүмкіндіктерін кеңейтуде.
Ағымдағы жылдың 7 тамызында KMF микроқаржылық ұйымының жаңа кеңсесінің ашылуы болып өтті. Қызмет көрсететін клиенттер санын арттыруға мүмкіндік беретін, клиенттерге қолайлы кең операциялық залы мен кассалары бар кеңсе қаланың жаңа әрі жан-жақты дамып келе жатқан ауданда орналасқан.

Қызылордадағы KMF филиалының жаңа кеңсесінің аумағы 2800 шаршы метр, салыстырмалы түрде алсақ, бұрынғы ғимараттан алты есе үлкен, бұл дегеніміз микроқаржылық ұйымның аймақтық өкілдігінің ауқымы мен өсу қарқынының көрінісі. Жаңа ғимаратта заманауи жабдықталған, кең қызмет көрсету залы(120 шаршы метр), екі төлем терминалы, кассалық аймақ бес кассалық кабиналармен, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қызмет көрсету кабиналарымен де жабдықталған. Кеңсе қаланың инфрақұрылымы дамыған тұрғын ауданында орналасқан.

Бүгінгі күні Қызылорда облысында орналасқан KMF филиалы географиялық аумағын кеңейте отырып, 17 000 астам тұрғынды, олардың 69 % - әйелдер болып табылады. қол жетімді қаржы көзімен қамтамасыз етіп отыр. Облыстың алты ауданын қамтыған филиалының кредиттік қоржыны 4,8 млрд. теңге. Облыста KMF-тің кредиттік қаражатының көмегімен 1700 астамы жалдамалы жұмысшылардан тұратын 11800 жұмыс орны ашылып, кәсіптерін дамыту үшін тұрақты түрде қол жетімді қаржы алып отыр, қарыз алушылардың 78 % ауыл шаруашылығын жүргізетін ауыл тұрғындары екендігі маңызды. Оған қоса аталмыш филиал аймақтағы көптеген ірі елді мекендерді қамтиды, атап айтсақ: Шиелі, Жаңақорған, Тереңөзек, Жалағаш, Жосалы, Әйтеке би.

«Осынау кең кеңсенің ашылуы - жалпы KMF үшін айтулы оқиға. Көптеген облыс тұрғындарына микрокредит беру бойынша қызмет көрсетудің бұрынғыдан да қолайлы мүмкіндігі туындағанына аса қуаныштымын», - деді сөйлеген сөзінде «KMF» МҚҰ Басқарма Төрағасы Жүсіпов Шалқар.

«Біздің кредиттік бағдармалардың Облыс тұрғындарына өзектілігі әрі маңыздылығы, сондай-ақ клиенттер санының қарқынды өсуі клиенттер мен қызметкерлерге жайлы, жаңа әрі кең кеңсенің ашылуына ықпал етті. Қызметкерлерді кредит беру процессінен үзбей, стажерларды оқыту мүмкіндігі туындады», - деп баяндайды Қызылорда қаласындағы KMF филиалының директоры Любовь Овчинникова.


KMF-тен алынған қаржылай қолдаудың арқасында 60 000 астам жұмыс орны ашылып отыр. Олар фермерлер мен үй маңы шаруашылығын жүргізетін ауыл тұрғындары. Кредит жыл бойы қол жетімді, тұрғындар кредитті қалаған уақыттарында тұқым алуға, жанар-жағар май, жем-шөп дайындауға, егін жинауға, техника жөндеуге және мал қора салуға алады. Тағы бір атап өтерлік жайт, KMF клиенттерінің 64% әйелдер.

KMF - тұрғындарға қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша тегін семинарлар өткізетін бірден бір микроқаржылық ұйым. Бағдарлама басталғалы бері, яғни 2013 жылдың қараша айынан бастап 110 000 астам тұрғынға қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақ өткізілген болатын.

Жалпы алғанда, қазақстандықтар үшін қолжетімді қаржыландыру көзі болып табылатын микрокредиттеу саласы, әсіресе ауылдық жерде маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. KMF компаниясы облыс тұрғындарына бизнестің дамуы мен өркендеуі үшін кредит беруін жалғастыра бермек.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success