Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

10 Наурыз 2015 VIII «Әйел және бизнес» аймақтық конференциясы. 2015 жылдың 4 наурызында Шымкент қаласында өтті

2015 жылдың 4 наурызында Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent отелінде VIII аймақтық «Әйел және Бизнес» конференциясы өткізілді.

«Әйел және бизнес» конференциясы Шымкент қаласында сегізінші рет жыл сайын өткізіліп келеді. Тараз, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы қалалары мен аталмыш өңірлердің 120 мыңнан астам нәзік жанды қатысушыларын, кәсіпкерлер, микроқаржыландыру саласындағы сарапшылар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қаржы институттарының және кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да құрылымдарының өкілдерін жинады.

Шараның ресми бөлімінде қатысқандар: Ербол Әбілқайырұлы Садыр – Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары, Альмира Құрбанәліқызы Әбенова - «KMF» МҚҰ Басқарма Төрағасының орынбасары. Рахилям Махпирова - Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мекемесінің ҚХА құрылымдарымен жұмыс жүргізу және қоғамдық-көпшілік шараларды ұйымдастыру қызметінің жетекшісі, Алмагүл Аманжолқызы Салимбаева, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Қорының директоры.

KMF серіктестері конференцияға серіктестер спиреклер ретінде қатысты:

Яна Исакова - Қазақстандағы отбасылық бизнес Ассоциациясының директоры.
Павел Коктышев - Жас кәсіпкерлер клубының жетекшісі
Құралай Бекенова - ОҚО Іскер әйелдер Қауымдастығының Төрайымы
Дана Маманова – кәсіпкер

Түстен кейін, KMF-тің Тренинг орталығынан Индира Мұхамеджанова, «Уақытты басқару» туралы тренинг өткізді.

Биылғы жылы Конференция Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған, тақырыбы: «БИЗНЕС ТОЛЕРАНТТЫҚТЫ ТАҢДАЙДЫ».

Конференция бағдарламасында келесі мәселелер қозғалды:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы презентация.
  • Қазақстанның Іскер әйелдер Қауымдастығына- 20 жыл.
  • Отбасы бизнесі – ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
  • Жастар кәсіпкерлігі. Start-up бизнес.
  • Табыстылық тарихы – конференция қатысушыларының тәжірибесі.
  • «Уақытты басқару» туралы тренинг.

Конференция шеңберінде қолданбалы өнер мен балалар шығармашылығының көрмесі, қазақстандық дизайнерлердің дефилесі, ОҚО талантты балаларының өнер көрсетуі болды.

Конференцияның мақсаты әйелдердің іскери белсенділігін дамыту, конференция қатысушыларына өзекті тақырыптарды талқылауға қатысу мүмкіндігі, бизнесті жүргізу бойынша тәжірибелік білім алу, іскери байланыстарды орнату және дамыту болып табылады.

Ұйымдастырушылары:

  • «KMF» МҚҰ
  • «KMF-Демеу» КҚ
  • Қазақстан Халқы Ассамблеясы
  • Қазақстанның Іскер Әйелдері Қауымдастығы
  • ОҚО Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия.

Қысқаша тарихы:

Қазақстан Республикасындағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңінен ашу мақсатында, 2006 жылы KMF Микроқаржылық ұйымы бүгінгі күні дәстүрлі болып үлгерген, облыстағы кәсіпкерліктің дамуына оң ықпалын тигізіп отырған ОҚО әйел-кәсіпкерлеріне арналған конференциясын өткізуді қолға алған еді.

Бүгінгі күні «Бизнес және әйел» конференциясы Қазақстандағы әйелдер бизнесін дамыту арқылы батыл ойлардың жүзеге асуына ықпалын тигізеді. Конференция Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алған қойған отбасы ынтымағы, балаларды тәрбиелеу, кәсіпкерлікті дамыту, ШОБ дамыту тұрғысындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.

Конференция бизнестегі тәжірибемен алмасу, пайдалы ақпараттар алу, білім алу және қарым-қатынас алаңы болып қала бермек. Барлық қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тиісті жауап алатындығынан, конференция әрдайым жоғары деңгейде өтеді және жалғасын табады.



?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success