Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

23 Қыркүйек 2013 Таразда «KMF» ШНҰ қолдауымен Қазақстан халықтары тілдерінің күніне арналған фестиваль өтті

18 қырқүйекте Тараз қаласында орталық «Достық» алаңында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы «KMF» ШНҰ бірлестікте Қазақстан халықтары тілдерінің күнін тойлау құрметіне «Тіл-ел бірлігі» фестивалін өткізді. Оған этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның өкілдері, эстрада орындаушылары мен компания қызметкерлерінің өздері қатысты.

Соңғы бес жылдың барысында компания жыл сайын өзінің клиенттері, қызметкерлері, меймандары үшін республикамызда тұрып жатқан халықтарға құрмет белгісі ретінде осы мерекеге арналған салтанатты іс-шаралар өткізіп келеді. Бүгінгі таңда 54 ұлттың өкілдері компанияның клиенттері болып табылады. Бұл мерекенің екінші жыл Қазақстан халықтарының Ассамблеясымен бірлестікте өткізілуде.

- 2012 жылы біз әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізу және қолдау мақсатында «KMF» шағын несиелік ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Осы ынтымақтастықтың шеңберінде өткен жылы біз «Арман қалам - Астана» республикалық конкурсын өткіздік, оған мәдениет орталықтары мен тұрмысы осал отбасылардан 100-ден астам шығармашы балалар қатысты, - дейді Қазақстан халықтары Ассамблеясының Қоғамдық қорының директоры Алмагуль Салимбаева. – Былтыр біз Қазақстан халықтары тілдерінің күнін тойлауға орай КМF әлеуметтік жобасына алғаш рет қатыстық, бізге атмосфераның өзі, басшылықтың және соның ішінде компанияның Тараз қаласындағы филиалының қызметкерлерінің осы мерекеге көзқарасы ұнап қалғаны сондай, биыл біз оны бірлесе күш салып, әлдеқайда ауқымды етуді және облыс деңгейіне шығаруды ұйғардық.

11 қырқүйектен бастап бір апта бойы бүкіл Жамбыл облысында ән, поэзия, мемлекеттік тілді білу бойынша конкурстар өтумен болды, алғаш рет байырғы емес тұрғындардың қатарынан қазақ тілін жақсы меңгерген «Шағын және орта кәсіпорынның үздік менеджері» номинациясы, демалыс мектептерінің, қазақ тілі курстарының үздік оқытушысына конкурс және көптеген басқа конкурстар енгізілді. Осы фестивальдің шеңберінде «Достық» алаңында мәрелік концерт беріліп, номинанттар марапатталды, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисті Жұлдызбек Өтешқалиев, «Бәйтерек» тобы, эстрада әншісі Дос, сазгер әрі әнші Ғани Сапарбаев, сондай-ақ филармония әртістері өнер көрсетті.

- Тіл – барлық Қазақстандықтар үшін біріктіретін фактор. Өз тілімізді білсек, біз өз мәдениетімізді, дәстүрлерімізді ұмытпаймыз және бірлік пен татулықта өмір сүретін боламыз. Өйткені біздің мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізі – оның аумағында тұрып жатқан барлық халықтардың достығы, - деп өзінің іс-шарадан алған әсерін ортаға салды халықаралық конкурстардың лауреаты, К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисті Жұлдызбек Өтешқалиев.

Фестиваль аяқталған соң флэш-моб өтті, оған мың жарымнан астам студенттер қатысты. Шеңбер түзіп, және билеп тұрып, олар 2000-нан астам түрлі-түсті шарды аспанға ұшырды.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success