Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

19 Қыркүйек 2013 Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тіл – ел бірлігі» фестивалі

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесе отырып,«KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымының қолдауымен,2013 жылғы 18 қыркүйектесағ. 18.00-де Тараз қ. «Достық» орталық алаңында Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тіл – ел бірлігі» фестивалін өткізеді.

Фестиваль мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, оған қызығушылық пен құрмет сезімін арттыру, этностардың ана тілін дамытуды қолдау және Қазақстан халқының бірлігін нығайту.

Шараға Қазақстан халқының Ассамблеясының өкілдері, «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымының қызметкерлері, кәсіби орындаушылар: Астана қ. Бәйсейітова ат. театрының солисті Жұлдызбек Өтешқалиев, «Бәйтерек» тобы, эстрада әншісі Дос, Ғани Сапарбаев, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялылар қауымы, шағын және орта бизнестің қызметкерлері, жастар және қазақстандық эстраданың басқа да жұлдыздары қатысады.

Фестиваль аясында келесі шаралар өтеді:

  • «Көркем сөз күні» (этномәдени бірлестіктер өкілдері);
  • «Ән марафоны» (колледж оқушылары);
  • «Ең сауатты менеджер» конкурсы (шағын және орта бизнес өкілдері).

Шара барысында фестиваль аясында өткізілген конкурстар қорытындыланып, ұйымдастырушылар мен фестиваль демеушісі «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы атынан дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар салтанатты жағдайда табыс етіледі.
Фестиваль ұйымдастырушысы – «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» қоғамдық қоры және Қазақстан халқы ассамблеясының Жамбыл облысындағы хатшылығы. Байланыс ақпараты: тел.: 8 (7172) 910-850, 8 (7262) 430-709,е-mail: ankfond@mail.ru.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success