Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

12 Ақпан 2012 Тарих

Шағын қаржыландыру тар мағынасында пайдаланылады – бұл 20-шы ғасырдың 80-ші жылдарында әлеуметтік бағдар ұстанған үкіметтік емес ұйымдар жасаған әдістемені пайдалана отырып, бейресми ұсақ кәсіпкерлерді немесе халықтың аз қамтылған топтарын кеңінен қамту арқылы микрокредиттерді ұсыну.

Тұрмысы төмен жандарға арналған ресми қаржы қызметтері кредит берудің жаңадан пайда болған үлгісі емес. Мысалы, ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап көптеген даму бағдарламалары экономикалық жағынан әлсіз аймақтарды қолдауға қаражаттандырылған кредиттерді ұсынды. Ол кезде үкімет және донорлар ұсақ фермерлерге, олардың өнімділігін және табысын арттырудың мақсатымен қаражаттандырылған ауыл шаруашылығы кредиттерін ұсынуға баса назар аударды.

Қолданылған «қаражаттандырылған» схема табысты болмады, өйткені алынған қаражат әрдайым халықтың кедей топтарына жете бермейтін, олар ауқатты фермерлердің қолына шоғырланды. Қайтарудың деңгейі төмен болды және ауылдық банкілер банкрот болудың алдында тұрды. Қаражаттандырылған кредиттердің жетілдірілмеген бағдарламасы өзгеріске ұшырап және дамушы елдердегі шағын кәсіпорындарды әлеуметтік дамытуға қайта бағдарланды.

Бұл бағдарлама халықтың тұрмысы төмен тобына кредиттерді ұсынудың балама нұсқасы ретінде қолданысқа ие болды. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап тәжірибелік бағдарлама Бангладеште, Бразилияда және басқа да дамушы елдерде табысты түрде қолданылды. Бағдарламалар шағын кәсіпорындарға қаражатты инвестициялаудың мақсатымен тұрмысы төмен әйелдердің топтарына шағын қарызды ұсынуға арналған болатын. Бұндай шағын кәсіпкерлік қарызының түрі ынтымақты жауапкершілікті топтарға кредит беруге негізделген, онда мүшелері әр қарыз алушының қарыз бойынша төлеміне кепілдік берді.

1980-90 жж. микрокредиттеудің бағдарламалары жетілдірілді: сәйкесінше әдістемесі жасалып және, ақыр аяғында, «тұрмысы төмен адамдарға кредит беру» жайындағы қалыптасқан күдіктер сейілді. Біріншіден, ауқатсыз адамдардың, және әсіресе табысы аз әйелдердің өз кредиттерін өтейтіні анықталды. Екіншіден, тұрмысы төмен адамдар пайыздарды төлей алады, бұл шағын қаржы ұйымдарына өз шығындарын жабуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, жоғарыда сипатталған себептер: өтеудің жоғары деңгейі және шығындарды жабатын пайыз – шағын қаржы ұйымдарына өз шығынын өзі өтейтін деңгейге шығуына және көп клиенттерді қамтуына мүмкіндік береді.

Шағын қаржыландырудың қағидалары

Микрокредиттеудің негізгі қағидалары келесілерді қамтиды: бірінші – бұл бағдарламаның ауқымды түрде таралуы, және екінші – шағын қаржы ұйымдарының қаржы тұрақтылығына қол жеткізуі. Бұл микрокредиттеу әдістемесінің дамыған қаржы институттарының арасында бірегей болуына мүмкіндік береді. Өйткені шағын қаржы қызметтерінің негізгі артықшылығы, олардың қысқа мерзімге ұсынылатыны және ұзақ уақытқа арналған қарым-қатынастарды бағытқа ұстануы болып табылады. Дүниежүзілік Банктің бағалауы бойынша, қазіргі уақытта әлемде шағын қаржыландыру саласында әлемнің 56 елінде шамамен 16 миллион адамға қызмет көрсететін 7 000-нан астам ұйым жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта әлемдік шағын қаржыландыру индустриясындағы жағдай өзгеру үстінде – бұл секторда әр түрлі әдістемелерді пайдалана бастады, қаржы қызметтерінің аясы жинақ депозиттерінің, сақтандырудың, қаражат аударудың есебінен кеңеюде. Қарыздар топтық, сондай-ақ жеке негізде де ұсыныла алады, ал кредиттердің сомалары мен өтеу мерзімдері барған сайын икемді болып және клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделуде. Туындайтын қажеттіліктерге назар аудара отырып шағын қаржы мекемелері жаңа өнімдерді жасауда. Ал жалпы шағын қаржыландыру тұрмысы төмен адамдарға донорлық қаражаттардың есебінен кредит ресурстарын берудің жүйесі болуын тоқтатып, қаржылық делдалдықтың нақты құралына айналуда. Жаңалық кредит берудің бағдарламасына ғана әсер еткен жоқ. Жинақ ақша саласындағы жаңалық – бұл сауда жасаушы адамдардан күнделікті салымдарды жинайтын икемді қызметкерлерді пайдалану да, сондай-ақ ауылдық жерлерде саусақ іздерін танитын банкоматтарды орнату да болып табылады, бұл сауатсыз клиенттерге өз шоттарымен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындардың тиімді қызметін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялар жетілдірілуде, және шағын қаржыландыру барынша көп адамды кедейліктен құтқара алатын қабілетін бұрын-соңды болмаған дәрежеде көрсетуде.

Қазақстандағы шағын қаржыландыру

Қазақстан Республикасында шағын қаржыландыру ХХ-шы ғасырдың 90-шы жж. микрокредиттеудің Бағдарламасы түрінде пайда болды. Бұл Бағдарламалар қорлар, микрокредиттік ұйымдар, кредит одақтары арқылы ұсынылады. Әдеттегідей, бұл ұйымдар бейкоммерциялық болып табылады.

ҚР-ғы микрокредиттік бағдарламалардың негізгі өлшемдері:

  • кредиттің көлемі – салыстырмалы түрде шағын;
  • мақсатты пайдаланушылары – табысының деңгейі шағын үй шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік субъектілері;
  • кредиттің берілетін мерзімі - негізінен, қысқа мерзімді;
  • кредитті пайдалану – табыс алу және бизнесті дамытудың, сондай-ақ білім алудың, медициналық қызметтердің және т.б. мақсатында.

Кредиттің шарттары – көбіне кредит берудің, қандай да бір қоғамдастықтың жергілікті жағдайларына ыңғайлы, икемді шарттары.
Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы микрокредиттеудің схемасын екі негізгі түрге бөлуге болады:
Жеке кредит беру – банкінің кредит беруінің стандартты тәртібін ұстанатын және клиенттің бизнесінің әрекет ету қабілетін, оның кредит тарихын және ондағы мінездемелерді бағалауға негізделген микрокредиттеудің схемасы. Кредит берудің бұл схемасы кезінде әдетте кепілзаттық мүлікті ұсынуға немесе дефолт жағдайына кредит бойынша ынтымақты (көмекқаржылық) жауапкершілікті тұлғаның болуына қажеттілік туындайды.
Топтық кредит беру – бұл схема «Грэмин банкінің үлгісі» деп те аталады. Оның негізі топтық кепілдік болып табылады. Кредит бір-бірінің кредиттеріне кепілгер болып табылатын тұлғалардың тобына ұсынылады. Топтар тобының мүшелерін өздері таңдайды және бұндай өзара қарым-қатынас топта жолдастық ахуалдың қалыптасуына мүмкіндік береді, бұл кредит бойынша төлемдерді уақытында төлеуді қамтамасыз етіп, сондай-ақ шағын қаржы ұйымының өз Клиенттерін мұқият іріктеуге және мониторингіне жұмсайтын шығындарын азайтады.

Қазақстанның Шағын қаржы Ұйымдарының Қауымдастығы

Қазақстан Республикасында Қазақстанның Шағын қаржы Ұйымдарының Қауымдастығы (ҚШҰҚ) - елдегі жұмыс атқарып жатқан шағын қаржы ұйымдарының бейкоммерциялық бірлестігі жұмыс істейді. Қауымдастық 2004 жылдың ақпан айында құрылған, ол кезде Қазақстанның жетекші алты шағын қаржы ұйымы республикадағы шағын қаржы секторының даму проблемаларын шешудің мақсатымен ҚШҰҚ-тың құрылтайшылары болып бірікті. ҚШҰҚ-тің миссиясы кедейліктің деңгейін төмендетіп және экономикалық өсуге қолдау көрсетудің мақсатымен халықтың, соның ішінде ауылдық жерлердегі тұрғын халықтың қаржы қызметтеріне қол жеткізуін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін шағын қаржы секторын дамыту, ҚШҰҚ мүшелерінің жалпы құқықтары мен мүдделерін ұсыну, алдыға жылжыту және қорғау болып табылады.
ҚШҰҚ-тың барлық мүшелері өз қызметінде ҚШҰҚ мүшелерінің Іскерлік этикасының кодексін ұстанады.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success