Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

3 Тамыз 2015 Шымкент пен Қызылордада Ашық есік күндері өткізілді

Шілде айының соңынан бастап, KMF-тің Шымкент және Қызылорда қаласындағы барлық филиалдарында, сондай-ақ аталмыш филиалдардың бөлімшелерінде Компанияның бейілді клиенттеріне арналған ашық есік күндері өткізілді.

Бүгінгі күні Қызылорда қаласының Шиелі бөлімшесі дамыған және табысты бөлімше болып есептеледі. Бөлімшенің есебінде кредиттік қоржыны 542 млн. теңгені құрайтын 2600 астам клиенттер бар.

Шараны салтанатты түрде филиал директоры Сердалиев Нұрлан Орынбасарұлы ашты. Клиенттермен бірге компания қызметіне қанағаттануға қатысты кері байланыс алуға және қызмет барысына бағытталған пікірталас өткізілді.

Аталмыш пікірталас барысында кері байланыс орнатылды. Осындай шараның өткізілуіне біздің клиенттеріміз асқан қызығушылық танытты. Кездесу барысында клиенттер өздерінің KMF-пен серіктестік барысындағы қызықты жайттар жайлы, өздерінің жетістіктері мен тәжірибесін белсенді әңгімеледі.

Сонымен қатар, филиал директорының орынбасары Қуаныш Ахмет қаржылық сауаттылық бағдарламасы бойынша оқыту жүргізді. Филиал директорлары мен бөлімше бастықтары салтанатты түрде бейілді клиенттерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success