Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

6 Қаңтар 2016 Шағын кредит зиян келтірмейді

Еліміздің одан әрі елеулі дәрежеде өркендеуі, әсіресе ағымдағы қиын-қыстау кезеңінде Қазақстанның іс-әрекеті қаншалықты тиімді болатынына байланысты.

Осы уақытта Жолдауда белгіленген, дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта құрудың бес бағыты, шындығында да аталған сәтте қажетті шаралардың толық кешенін бейнелейді. Президент Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауының басында, әлем бүгін өте тез өзгереді, және біздің көз алдымызда жаңа қауіптілік секілді, жаңа мүмкіндіктерді де туғызатын, жаңа жаһандық нақты ахуал туындайтынын атап өтті.

Әсіресе, мұндай жағдайларда мемлекет зейнетақы қорын индекстей отырып, еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін, шәкіртақыны көтеріп, халықты әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруды жалғастырып жатқаны маңызды. Мұндай шешім, мемлекет қиын-қыстау уақытта да өзінің әлеуметтік міндеттерін орындай отырып, өз халқына үнемдемейтінін куәландырады. Алайда қоғам алдындағы жауапкершілік тек қана мемлекет алдында ғана емес, сонымен қатар бизнес-секторда да бар. Бұл қиын кезеңде бизнес-сектордың әлеуметтік салымы елеулі оң әсер бере алады.

Жолдауда жаңа әлеуметтік саясат туралы айта отырып, Президент шағын несиелендіруді дамытудың маңызын атап өтті. Осыны ескере отырып, KMF өзінің әдеттегі әлеуметтік миссиясы аясында сапалы шағын қаржыландыру қызметіне қол жетімді ете отырып, клиенттердің әл-ауқатының өсуіне көмектесіп, жұмысын жалғастырады. Өз тарапынан біздің шағын қаржыландыру ұйымы әрқашан қызметтің үздіксіз саясатына арқа сүйейді. Әрі осы кезеңде компания бизнесті, агросекторды, тұтынушылық мұқтаждықты дамытуға қарыз бере отырып, өз клиенттеріне тоқтаусыз қызмет етуін одан әрі жалғастырады. Біздің компанияның клиенттері әрқашан біздің тарапымыздан осы қиын жағдайда бизнесті дамыту үшін өте қажетті қаржыландыруға қолжетімді болатынына сенімді бола алады. Сондай-ақ қалайша өз бизнестерін барынша табысты дамытуға болады деген секілді, консультациялық қолдау ала алады.

KMF өз жұмысында әрқашан клиенттерді қорғау қағидаттарын ұстанады, ал клиенттін амандығы бұрыштың басына қойылады. Әрі біз өз миссиямызға клиенттер мен жалпы қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікке екпін қоя отырып, өзгеріссіз қараймыз. Жақында KMF еңбегі Қазақстан халық Ассамблеясымен танылды – компания «Мейірімділік керуені» конкурсының бір номинациясының жеңімпазы атанды.Осылайша, Президенттің Жолдауында белгілеген, шараларды жүзеге асыруда, еліміздің экономикасына үлес қосу, бизнес-сектор мен біздің компанияның тарапынан қосымша қолдау бола алады.

Авторы: Шалқар ЖУСУПОВ, KMF Басқарма төрағасы

Ақпарат дереккөзі: batysnewskz.kz


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success