Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

7 Наурыз 2014 Саумалкөл ауылында ашылған KMF-тің 73-бөлімшесі!

Көктемнің шуақты күні 2014 жылдың 5 наурызында KMF-тің Көкшетау қаласындағы филиалы өзінің төртінші бөлімшесін Саумалкөл ауылынан ашты. Бөлімше кеңсесі ауыл орталығындағы Ш.Уәлиханов көшесі, 42А үйдегі «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратының екінші қабатында орналасқан.

Бөлімшенің ашылу салтанатына орай, ұйымдастырылған шараға аудан және ауылдық әкімдіктің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Саумалкөл ауылдық филиалы директорының орынбасары, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері, «ҚазПошта» АҚ-ның филиал директоры, Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, сондай-ақ, «Айыртау таңы» аудандық газетінің тілшілері қатысты.

Ашылу салтанатының алғы сөзі, Айыртау ауданының әкімі Ағзам Ахметжанұлы Тастеміровке берілді: - «Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, орта және шағын бизнес өкілдеріне ерекше көңіл бөліп, мейлінше қолдау көрсетуіміз керек. Еліміздегі жалпы ішкі өнімді 20 % - ға арттыруға жергілікті атқарушы биліктің қосар үлесі - шағын және орта бизнес өкілдерін мейлінше қолдау. Сондықтан, аудан бойынша барлық жергілікті атқарушы биліктің бірінші басшылары мен клиенттерге компаниямен сенімді серіктестікте болуларыңызды тілеймін.

Осы сәтті пайдаланып, KMF-ті осы атаулы шарамен шын жүректен құттықтап, өз тарапымнан, қолдан келгенше KMF-ке жан-жақты қолдау көрсетуге уәде беремін. Компания ұжымы мен басшылығына алға қойған мақсаттарыңыздың орындалу жолында табысты еңбек пен сәттілік тілеймін.»- деп сөзін аяқтады Ағзам Ахметжанұлы.

KMF бөлімшесінің алғашқы 4 клиенті Имантау ауылының «Жылыжай» тобы болды. Олар жылыжайда гүл өсірумен айналысады. – «Жақында, KMF-тің тұрақты клиенті болып табылатын, Көкшетау қаласында тұратын құрбым, осы компанияға баруға кеңес берді. Біз гүл өсірумен айналысамыз, бұрын қаржылық қолдаудың жоқтығынан қиыншылықтар туындап тұратын, себебі көптеген банктерде біздің кәсібіміз, ликвидті болып саналмайтын. Ауылымызға жақын жерден компания бөлімшесінің ашылу салтанаты болады дегенді естіп келген едік. Кеңесшілер компания өнімдері жайлы кеңейтілген әрі түсінікті ақпарат берді. Өтінімді жылдам рәсімдеп, аз уақытта несие беруге шешім шығарды. KMF-ке біздің бизнесімізді қолдағандарыңыз үшін асқан ризашылығымызды білдіреміз. Сіздермен әрі қарай табысты серіктестікте болатынымызға үміттенеміз. » -дейді топ өкілдері.

Келесі болып «Friends» тобының үйлестірушісі Сейтахметова Алма Макетаевна сөйледі: - «Мен сіздердің бөлімшелеріңіздің алғашы клиенттерінің қатарынан орын алғаныма өте қуаныштымын, сіздердің бастамаларыңыз табысты болсын. «Кемені қалай атаса - солай жүзеді» -деген бар ғой, Сіздердің серіктестеріңіз бен клиенттеріңізге деген сенім қызметтеріңіздің негізі болсын».

Ашылу күні компания клиенттері мен қонақтарына естелік сыйлықтар табыс етілді. Фуршеттің соңында алғашқы 12 клиентке жалпы сомасы 2110 000 теңге болатын несие берілді.

Отандық нарықтағы 16 жылғы дамуы барысында, KMF Қазақстандағы шағын қаржыландыру саласының көшбасшысына айналды. Өзінің жалпы қызметі барысында Қазақстандағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға және тұтынушылық мақсаттарға жалпы сомасы 155 миллиард теңгені құрайтын 775 мың несие беріп үлгерді. КМF келесі қызмет түрлерін ұсынады: бизнес, диқаншылық, мал шаруашылығы, тауар өндірісі, қызмет көрсету, сондай-ақ, тұтынушылық несиелер. 2014 жылғы жоғарғы несие беру сомасы 14 миллион теңгеге дейін өсті.

KMF-тың Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалдан және шағын қалалар мен ауылдарда 73-тен астам бөлімшеден тұратын кеңейтілген аймақтық желілері бар. Жалпы алғанда, осы бөлімшелерден 3500-ге жуық шалғайдағы елді мекен тұрғындары шағын қаржыландыру қызметіне қол жеткізіп отыр.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success