Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

8 Қыркүйек 2016 Петропавлда клиент күні
2016 жылдың 5 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан филиалында «Жұлдызды серіктес» бағдарламасының аясында жыл сайынғы «Клиент күні» шарасы үшінші рет өткізілді.

Шараның жоспарланған бағдарламасына сәйкес компанияның дамуы және келешектегі жоспарлары туралы баяндамамен Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Шарапиден Әлжанов сөз сөйледі. Пікірлер жәрмеңкесінде клиенттер қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, кредитті өтеу мәселелерін талқылауда белсенділік танытты. Нәтижесінде келіп түскен тілек-ұсыныстардың санында шек болмады.

Шақырылған қонақтардың ешбірі назардан тыс қалмады – әрбір клиентке алғыс хаттар табыс етілді. Бұл шара клиенттерге олардың пікірлері мен компаниямен орнатқан ынтымақтастығы компания үшін аса маңызды екендігін тағы бір мәрте дәлелдей түсті, сондықтан болар клиенттер өздерінің ризашылықтарын толассыз білдіріп жатты.

Тұрмыстық техника сатып алуға мүмкіндік беретін сыйлық карталарының ұтыс ойыны келген қонақтар үшін нағыз тосын сый болды.
Е.Г.Перепельцева есімді клиенттің пікірі: «Бәрі керемет болды! Қаламызда клиенттерге осыншалықты көңіл бөлетін KMF сынды бір де бір қаржы ұйымы жоқ деп нық сеніммен айта аламын. KMF компаниясы мені тиімді кредиттеу шарттарымен және сыпайы әрі жарқын қызметкерлерімен баурап алды».

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success