Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

12 Ақпан 2013 Микроқаржыландыру – құр қиял ма, әлде нақты көмек пе?

«Я покупатель и собственник» газеті (Алматы), 08 маусым 2012 жыл

Соңғы кезде қазақстандық микроқаржы секторында жұмыс жасап жүрген мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік микрокредиттік ұйымдардың саны тез қарқынмен өсуде. Егер 2008 жылы Республика бойынша дәл осындай 1086 ұйым (бұдан әрі МКҰ) тіркелген болса, 2011 жылғы статистика 1756 компанияға өскенін көрсетіп отыр.

Бұл көрсеткіш осы сектордың әсіресе соңғы жылдарда сенімді қарқынмен ұлғайғанын дәлелдейді. Халықтың МКҰ қызметтеріне сұранысы жыл өткен сайын өсуде, бұған дәлел, егер 2008 жылы микрокредиттік ұйымдар халыққа 32 млр. теңге мөлшерінде 171 мың кредит берген болса, 2011 жылы бұл сан 102 миллиард теңге мөлшерінде 498 628 кредитке дейін өскен. Елімізде микроқаржы секторы өз жұмысын шамамен 15 жыл бұрын ғана бастаса да, сондай‑ақ «Микрокредиттік ұйымдар туралы» ҚР Заңы тек 2003 қабылданғанымен, аз уақыт ішінде осы сектор жоғары қарқынмен дамып отырғандығы айқындалды. Бүгінде кредит берудің осы бағыты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып есептеледі. ҚР Президенті Н. Назарбаев қаржылық ресурстарға қол жеткізудің маңыздылығына ұдайы көңіл бөліп отыр. Қазақстан қаржыгерлерінің YI Конгресінде сөйлеген сөзінде ол былай деп атап өтті: «Микрокредит жүйесін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Шағын бизнеспен, әсіресе ауылдық жерде айналысатын адамдардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне мүмкін жағдайлар жасау қажет».

Микроқаржыландырудың халықаралық тәжірибесі өзінің әлеуметтік‑экономикалық дәрежесін әлдеқашан сенімді түрде дәлелдеді. Мәселен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, Бангладеште микрокредит, ең алдымен, кедейлікпен күрес мақсатында беріле бастады. Ал Еуропа елдерінде, АҚШ‑та, Ресейде және біздің елімізде шағын бизнесті қолдауға, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, үй шаруашылығы және қол өнерімен айналысатын адамдарға көмек беруге баса көңіл бөлінеді. Ендеше микрокредиттің банктік кредиттен қандай айырмашылығы бар? Осы сұраққа тоқталып көрейік.

Құр қиял немесе нақты көмек

Бүгінде микрокредиттік ұйымдар халыққа кредит берудің 2 түрін ұсынады:

- жеке, яғни кәдуілгі банктен алғандағыдай, мүлікті кепілге қою немесе қажетті көрсеткіштерге жауап бере алатын кепілгерді ұсыну арқылы кредит алу;

- топтық, яғни бірнеше жақын таныс адамдар топқа бірігіп, бір-біріне кепілгер болып, қарыз алады.

Мерзім бойынша, біріншіден, бұл кредиттің шағын мөлшері, оны өтеу мерзімі, әдетте, 2 айдан 60 айға дейін. Екіншіден, бұл өнім, яғни кредит микро және шағын бизнес, сондай‑ақ кіріс деңгейі аз мөлшердегі шаруа қожалығы үшін беріледі. Үшіншіден, микрокредиттік ұйымдар қарыз алушыларға олардың сұраныстарына бейімделген кредит өнімдерін ұсына отырып, өте қолайлы шарттар жасайды. Бұдан басқа, төлемге қабілеттілігін растайтын аз көлемдегі құжаттар талап етіледі. Осы факторлардың барлығы жедел түрде, аз күн ішінде, керексіз құжаттарды толтырмастан, толып жатқан анықтамаларды жинақтамастан, микрокредит алуға мүмкіндік береді, уақыт үнемделеді.

Сарапшы пікірі

Бүгінде отандық МКҰ жұмысы, олардың жұмысының өзіндік ерекшелігі туралы біз отандық микроқаржылық сектор көшбасшыларының бірі – «КazMicroFinance» МКҰ ЖШС Алматы филиалының директоры Сәуле Ыбыраевамен сұхбаттастық. Сапалы да тиімді шарттар бойынша микрокредит алғысы келетін оқырмандарымыз үшін бұл ақпараттың берері көп деп есептейміз.

- Біз ҚР нарығында микрокредиттерді ұсыну қызметімен айналысқанымызға 15 жыл болды. Тек 2011 жылдың өзінде біздің ұйым халыққа 17 миллиардтан астам қаржы берді, – деп әңгімелейді Сәуле Қадырбекқызы. – KMF кредиттің барлық танымал түрлерін, яғни бизнеске, тұтынушылық мұқтаждықтарға, ауыл шаруашылығын дамытуға ұсынады. Біз ауыл тұрғындарының өз бизнесін нығайтуына, дамытуына,жаңа жұмыс орындарын ашуына көмектесеміз. Біздің компаниямызда топтық кредит беру көп сұранысқа ие, оның талаптарына сәйкес ешқандай кепілзат талап етілмейді, микрокредитті бар болғаны 3 жұмыс күні ішінде ресімдеуге болады.

- Кім МКҰ қызметтерін пайдаланады және «КMF» клиентінің орташа статистикалық бейнесі қандай?

- Біздің клиент – ол, бірінші кезекте, бизнесін нығайтуда қаржылық көмекті қажет ететін жеке кәсіпкер. Көп жағдайда ұсақ кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктерден қандай да бір себептермен қаржы алу кезінде қиындықтарға кездесетіні мәлім. Біздің компания жеңіл схема бойынша жұмыс жасайды, бұл адамның қажетті құжаттарды жинауына және уақытын үнемдеуіне көмектеседі.

Өтініш түсісімен, біздің кредиттік менеджерлеріміз кәсіпкерлердің жұмыс орнына барып, кеңес береді және олардың төлемге қабілеттілігіне баға береді. Бұл қызмет тегін көрсетіледі.

- Президент Н. Назарбаев ауыл тұрғындарына, оның ішінде ұсақ фермерлер мен шаруа қожалықтарына микрокредит берудің маңыздылығы туралы жиі айтады. Сіздер бұл бағытта жұмыс жасайсыздар ма?

- Иә, бұл компания қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Біздің клиенттеріміздің шамамен 50%-ы – ауыл тұрғындары. Еліміздің алыстағы әр түрлі ауылды мекендерінде KMF компаниясының 14 филиалы мен 55 бөлімшесі табысты қызмет атқаруда. Егер қандай да бір ауылда біздің офисіміз жоқ болса, біз мобильді түрде жұмыс жасаймыз: біздің сарапшыларымыз шалғай ауылға шығып, жергілікті тұрғындарды компанияның қызметімен таныстырып, тиісті кеңестер беріп отырады. Алматыға немесе басқа қалаға барудың, толып жатқан анықтамалар мен қағаздар жинаудың қажеті жоқ. Түптеп келгенде, клиент офиске бар болғаны екі-ақ рет, яғни кредит алу және оны өтеу үшін келеді. Біздің кәсіпкерлеріміз осы артықшылықтарды бағалап, бірнеше жыл бойына кредит алады, ал біз олардың қалай өсіп жатқанын бақылап отырамыз. Олардың табысы мен жетістіктеріне үлес қоса алғанымыз үшін біз қуанамыз. Осының арқасында компанияның кредиттік портфелі бүгінгі күні 10 млр. теңгеге жақындады, ал белсенді клиенттер саны 56 мыңнан астам адамды құрайды.

Үлкен іс кішіден басталады

Микроқаржылық сектордың қарқынды дамуы – бұл Қазақстан экономикасын дамыту ғана емес, сондай‑ақ көптеген қазақстандықтардың өз ісін бастап, экономикалық дербестікке ие болуы үшін жасалған тамаша мүмкіндік.

Сондықтан KMF тәрізді ұйымдар қоғамға үлкен пайда келтіреді, - деп есептейді Алматы қаласы Әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп жөніндегі басқармасының шағын бизнес бөлімінің бастығы Шолпан Бижанова.

- Экономикада кәсіпкерліктің әрбір бағытының өз орны бар. Шағын бизнес өкілдері мен жеке кәсіпкерлер қандай да бір мақсаттарға ақшалай қаражат жағынан қиындықтарға кездесіп жатады. Олар үшін мұндай қиындықтан шығар жол – микрокредит алу. Үлкен істің кішіден басталатыны бәрімізге мәлім. Егер адам микрокредиттік ұйымға келсе, ал ол ұйым оны қиындықтан шығара алса, бұл сектордың бүгінде қарапайым тұтынушы үшін де, жалпы Қазақстан экономикасы үшін де қажет екендігі күмән келтірмейді.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success