Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

4 Шiлде 2013 «Мейірімділік арқылы бірлік»

2013 ж. 4 шілдеде Астана қ-да «Мейірімділік арқылы бірлік» қайырымдылық акциясы табысты өтті, «KazMicroFinance» оның демеушісі болды. Акция Ұлттық Ана және Бала Ғылыми Орталығында емделуден өтіп жатқан лейкемиямен ауыратын, 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.

«Мемлекеттің қызметіндегі басым бағыттардың бірі әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу болып табылады, олар адам әлеуетінің деңгейін арттыруда көрініс тапқан. Бұл үрдіс сондай-ақ бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтті, олар жыл өткен сайын елдің тұрғын халқының өміріне белсенді түрде қатысуға.

KMF, қоғамның мүддесін өз қызметінің басты мақсаты етіп қояды және біз адамдардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға қатысуды өзіміздің азаматтық борышымыз деп санаймыз.

Өз тағдырын ең ізгі мамандықтардың бірімен байланыстырған, адамдардың денсаулығын қамқорлыққа бөлеуді өз өмірінің мәні етіп алған, Ана және бала Ғылыми орталығының барлық қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін.

Орталықта емделуден өтіп жатқан барлық балаларға сауығып шығуына шын жүректен тілектестік білдіремін.

Сондай-ақ Қазақстан халқының Ассамблеясына «Мейірімділік арқылы бірлік» қайырымдылық акциясына бастама көтергені және ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіргім келеді.

Осындай белсенділіктердің арқасында біз жұртшылықтың назарын барынша аударып және мыңдаған адамдардың толыққанды, дені сау және бақытты өмір сүруіне көмек беретінімізге сенімдімін!» - деп сөз сөйледі Шалқар Жүсіпов - KMF-тің Басқарма Төрағасы.

Статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын 150 бала лейкемиямен ауырады. Жылына онкогематологиялық орталықта шамамен 600 бала емдеу курсынан өтеді. Ресми деректер бойынша Астанада осы диагноз қойылған 1 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған 40 отбасы тұрады. Ел аймақтарынан шамамен 30 бала ай сайын Ұлттық Ана және Бала Ғылыми Орталығында емделуден өтеді.

Акцияның әріптестері:

  • Қазақстан халқының Ассамблеясының хатшылығы;
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаттары;
  • «Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологиясының әдістемелік орталығы» ЖМ;
  • «Халықаралық Бейбітшілік және Келісім Академиясы» ЖМ;
  • «АНК Кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ;
  • «Сабыр KZ» ЖҚ
  • Ингуш мәдени орталығының төрағасы – С. М. Оздоев;
  • «Астана-Бәйтерек» әйелдер клубы.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success