Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

4 Маусым 2015 KMF-тің Бас Кеңсесінің мектеп-интернат оқушыларына арнайы ұйымдастырған Балаларды қорғау күні мерекесі

KMF-тің Бас кеңсесі Балаларды Қорғау күнін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Біздің ұйым балаларды қорғау күніне орай қамқорлығымызға мұқтаж, мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға сый-сыяпатпен қатар, көңілдерін аулайтын түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырып тұрады.

Бас кеңсе қызметкерлері өз қаражаттары есебінен тұрмысы төмен отбасыларының балалары оқитын №10 мектеп-интернатының 50 тәрбиеленушілерін Алматы қаласындағы Mega Park-те орналасқан Chaplin Cinema үздік кинотеатрлар желісіне апарып, мультфильм көру қуанышын сыйлады. «Ай қорғаушысы» атты түрлі әсерлері бар мультфильм балалардың көңілінен шықса, ал арнайы жайылған тәтті-дәмділерге толы дастарқан мерекенің сәнін кіргізе түсті. Сондай-ақ, барлық балаларға KMF-тен фирмалық естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ұйымдастырылған мерекеден кейін, балалар мульфильм кейіпкерлері Мьюн мен балауыздан жасалған кішкене қыз Глим жайлы әңгімелеп, өз әсерлерімен бөлісіп жатты...Әр баланың көзінен қуаныш отын көріп, көңіліміз бір марқайды.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success