Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

1 Тамыз 2015 Қызметіміздің бағалануы

Микроқаржыландырудың өз философиясы мен дербес бағыты бар. Бұл классикалық қаржы институттарындағы қаржыландыруға қолдары жете бермейтін тұрғындарға қаржы көзін ұсыну болып табылады. Яғни, олар дүкендер мен базарларда өздерінің шағын сауда орындары бар, шағын бизнеспен айналысатын, тапқан табысын отбасының қажетіне жұмсайтын қарапайым адамдар.

Біз микроқаржыландыру саласында 1997 жылдан бері қызмет етеміз. Осы уақыт аралығында өзіміздің филиалдық желілерімізді кеңейтіп, өрлей білдік, бұның барлығы біздің өз клиенттеріміздің және олардың қажеттілігін түсіне алғандығымыздың көрінісі. Біз қамқорлық атты бір сөздің аясына сыйдыратын клиенттерімізге қатысты көптеген ережелер мен қағидаларды ұстанамыз.

Біз клиенттеріміздің шамасынан тыс қарыз алмауын, шарттың мәтінін толық ұғынуын қадағалаймыз және қаржылық сауаттылық бағдарламасы бойынша сабақтар жүргіземіз және т.б. Бүгінгі күні еңбегіміздің халықаралық деңгейде бағаланғандығы туралы жаңалықпен қуана бөлісеміз. Ағымдағы жылдың сәуір айында Smart Campaign халықаралық ұйымынан Клиенттерді қорғау қағидаттары бойынша Сертификациядан өттіп, ағымдағы айда Туринде Сертификатты салтанатты түрде ресми табыс ету рәсімі өткізілді!

Бүгінгі күнге KMF Қазақстан бойынша қолданыстағы әлеуметтік рейтингісі мен сертификациясы бар жалғыз ұйым болып табылады.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success