Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

3 Маусым 2014 Жыл сайынғы ШҚО Конференциясының қорытындысы

Осы жылдың 27-28 мамырында Стамбул қаласында «Қаржы қызметтерін таратудың жаңа үрдістері: шағын қаржы саласының рөлі» атауымен жыл сайынғы ШҚО 17-ші конференциясы өткізілді.

Конференция барысында ACDI / VOCA компаниясы «KMF» МКҰ Басқарма төрағасының орынбасары Әкімжанова Гүлшат Бостанқызына «Гендерлік теңдікті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» марапатын табыс етті.

KMF клиенттерінің жалпы санының 70 % және компания қызметкерлерінің арасындағы (басқарушы жоғарғы буын) нәзік жандылар саны 75 % құрап отыр, бұл ACDI /VOCA үлестес ШҚО арасындағы жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Бұл айтарлықтай жетістік - себебі қазақстандық ұйымдардағы басшылар мен аға лауазымдық тұлғалардың жалпы санының 38% әйелдерді құрап отыр (2013 жылғы гендерлік теңдік туралы ғаламдық есепке сәйкес).

KMF көрсеткіштері Кәсіби, гендерлік арақатынас бойынша және өзге де әлеуметтік міндеттерді орындау бойынша мақсатты белгілеген, білікті команданың стратегиясы мен тыңғылықты ойластырылған саясатының нышаны болып табылады.

Компанияның өз алдына қойған әлеуметтік міндеттерді шешуі, конференция шеңберінде KMF-ке берілген келесі марапаттан көрініс тапты. ХҚО ұйымдастырған байқауда Truelift құралдары негізінде тұрғындардың аз қамтылған бөлігін қамту бойынша берілген ақпараттары үшін «KMF» «Truelift Milestone Үміткер» сертификатымен марапатталды.

Truelift (кедейшілікті қамтуды бағалау құралы) кедейшілік жағдайында тұратын адамдардың игілігіне бағытталған ХҚО тәжірибесін зерттеуге ықпалын тигізеді.

Truelift өкілдері KMF-ті аз кедейшілік жағдайында тұратын адамдарды шағын несиелендіруде Truelift жолындағы жетістіктері үшін алғыс білдірді.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success