Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

27 Ақпан 2014 KMF жаңа бөлімшелерін ашты

Компания Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік өңірінде бірден екі бөлімше ашты.

26 ақпан күні Қарағанды облысы, Осакаровка ауылында компанияның жаңа бөлімшесінің салтанаты ашылуы болып өтті. Бөлімшенің кеңсесі ауылдың орталығында орналасқан, ол жергілікті тұрғындардың тегін қаржылық кеңес пен қаржылық қолдау алу үшін білікті қызмет көрсету орынына тез жетулеріне қолайлы.

Ашылған күні жалпы сомасы 400 000 теңге болатын екі несие рәсімделді. Компанияның жаңа клиенттеріне Бейілдік бағдарламасы мен басқа да артықшылықтар жайлы айтылды.

Бөлімше мекенжайы: Осакаровка ауылы, Достық даңғылы, 29 үй.

Көп ұзамай KMF Түркістан қаласында да қосымша бөлімшесін ашты. Бөлімше кеңсесі ұйым клиенттерінің өз кәсіптерін жүргізетін орны, орталық базарға қарама-қарсы тұрған ғимаратта орналасқан. Осылайша, компания обылыс және қала тұрғындарына қызмет көрсетуде мейлінше ыңғайлы жағдай туғызуға ұмтылатындықтарына кезекті рет көз жеткізді.

-«Біздің бөлімшеміздің орналасқан жері KMF клиенттеріне уақытын жоғалтпай, қосымша қаржыландыру мәселелерін дереу шешуге мүмкіндік береді. Олардың уақытын үнемдей отырып, біз оны екі есе тиімді етуге мүмкіндік туғызамыз».- дейді, KMF-тің Түркістан қаласындағы филиал директоры Нұрлан Әбішев.

Бөлімше мекенжайы: Түркістан қаласы, Сұлтанов көшесі, №234/2 үй.

KMF өзінің 16 жылғы қызметі барысында Қазақстандағы шағын несиелендіру нарығында көшбасшы орынын сенімді иеленіп отыр.

Өткен жылдың өзінде KMF-тың несиелік қоржыны екі есеге, белсенді клиенттердің саны үш есеге өсті және еліміздегі шалғайдағы елді мекен тұрғындарына өзінің кәсібін дамыту үшін сенімді қаржыландыру көзін беріп отыр.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success