Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

23 Мамыр 2013 KMF-тің кезекті зор жеңісі!

Қазақстанның алыс аудандарында орналасқан ұсақ кәсіпкерлер мен фермерлердің несиелерге қол жетімділігін кеңейтудің мақсатымен, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі KMF микрокредиттік ұйымына ұлттық валютада 10 млн АҚШ долларына балама соманы несиеге ұсынды. Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) әлсіз дамыған аудандардың тұрғын халқына мүмкіндіктерді ұсыну экономиканың кінәратсыз дамуының шешуші шарты болып табылады деп санайды. Өз кезегінде «KMF» МКҰ-ға, аяғынанн нық тұрған және тұрақты дамып келе жатқан микрокредиттік ұйым ретінде, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруы жөнінде осындай жоғары деңгейдегі сенім білдірілді.

«Ұсақ, шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) кәсіпкерліктің рухының тасымалдағышы болып табылады, – деп мәлімдеді ЕҚДБ Президенті сэр Сума Чакрабарти, жақында Алматыда «KMF» МКҰ Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіповпен келісімге қол қойған кезінде. – Біз ШОҚ-ға жан-жақты қолдау көрсетеміз және Қазақстанда ауылдық жерлердегі несиеге қол жетімділік ЕҚДБ-ның бұрыннан келе жатқан әріптесі болып табылатын KMF компаниясы сияқты банктік емес ұйымдардың көмегімен жақсара алады деп санаймыз».

ЕҚДБ мен KMF арасындағы әріптесіктің негізі 2005 жылы басталған, Қазақстанда шағын бизнесті дамытудың Бағдарламасымен қаланған. Әріптестердің өнімді жұмыс атқарған жеті жылының ішінде жалпы сомасы шамамен үш миллиард теңгені құрайтын 6 келісімге қол қойылды.

Бүгінгі күнде «KMF» МКҰ 78 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетеді, Қазақстанның ірі қалаларында ұйымның 14 филиалы табысты жұмыс істеуде, 53 бөлімше қызмет атқаруда, олардың 8-і қалалық және 45-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жалпы алғанда бұл бөлімшелердің барлығы алыс аймақта орналасқан 1 300-ден астам елді мекендегі тұрғындарының шағын қаржы қызметтеріне қол жетімді болуын жүзеге асырады.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success