Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

16 Қазан 2014 KMF Сіздің бизнесіңізге бастама болады!

Өз клиенттерінің қалауларын ескере отырып, сондай-ақ нарық үрдісі мен шағын бизнесті дамыту ҚР саясатына бағытталған «Бизнес бастамасы» несиелік өнімі KMF -те іске қосылды.

Бұл несиелік өнім бизнесін ашқысы келетін, нақтырақ айтсақ, бизнесті жаңадан бастайтын ҚР азаматтарына несие ұсынуға бағытталған!

Өз бизнесінің болғандығын көпшілігінің қалайтыны анық. Бірақ, түрлі себептермен көпшілігі өз арманын жүзеге асыра алмайды. Бұған түрлі ықпалдар әсер етеді, мысалы, уақыттың жетіспеуі, бастапқы капиталдың, бизнесті жүргізу тәжірибесінің болмауы және т.б. Енді Сізге ондай мүмкіндік бар! Нақтырақ айтсақ, ӨЗІНІҢ жеке бизнесін ашу мүмкіндігі!

Клиенттерге қойылатын талаптар:

«Бизнес бастамасы» несиелік өнімін жұмыс бағыты ашатын бизнесінің бағытына сай, тиісті салада жұмыс істейтін немесе бұрыннан бизнес жүргізу тәжірибесі бар 21 мен 65 жас аралығындағы ҚР азаматтары ала алады.

Өнімнің негізгі шарттары:

Несиенің ең төменгі сомасы - 500 000 теңгеден жоғары, ең жоғары сомасы - 5 000 000 теңгеге дейін. Несие бірден беріледі. Несие мерзімі 12 айдан 36 айға дейін.

Клиенттерге бейілділік таныта отырып, KMF негізгі берешекті өтеу бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігін ұсынды, тек шағын несиені ұсынғаннан кейін 6 ай мерзімінен аспауы тиіс. Несиені мерзімінен бұрын немесе ішінара өтеу айыппұл шараларынсыз және пайызсыз жүзеге асырылады!

Меншікті қаражатымен қатысу:

Жобаны жүзеге асыру үшін Клиент жоба құнынан 30% көлемінде меншікті қаражатымен қатысу болып табылады. Аталған жоба сомасынан 30%-ды оны енгізу мен жүзеге асыруға жұмсау қажет.

Қамтамасыз ету кепілдемесі:

Егер қарыз сомасы 1 000 000 теңгеге дейінгі соманы құраса, онда кепілдік қамтамасыз ету ретінде үшінші жақтың кепілі, айналымдағы тауар, жылжымалы/жылжымайтын мүлік, үй малы немесе аралас кепіл ұсынуы қажет.

Егер қарыз сомасы 1 000 000 теңгеден астам болса, онда міндетті түрде кепілге жылжымайтын мүлікті ұсыну қажет болады.

Қосалқы қарыз алушыны тарту:

Несиені төлеуді жеңілдету үшін, аталған несиелік өнім Клиенттің тұрақты табыс көзі бар, отбасының жақын мүшесі бола алатын Қосалқы қарыз алушыны тарту мүмкіндігі қарастырылған.

«Сәтті бастама» байқауы

«Бизнес бастамасы» өнімі бойынша берілген әрбір несие 2014 жылдың 1 тамызынан 2015 жылдың 1 тамызы аралығында өтетін «Сәтті бастама» байқауына қатысады. Аталған байқаудың шарттарына сәйкес, байқаудың қолданылу уақытында, әр үш айсайын, комиссия бір жобаны таңдап, төлем кестесі бойынша болашақта өтелуге тиіс пайыздары шегеріледі.

Қосымша кеңесті Сіздің тұрғылықты жеріңіздегі филиал немесе бөлімшедегі несиелік кеңесшіден алуыңызға болады.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success