Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

27 Қазан 2014 KMF пен IFC Несие ұсыну туралы келісімге қол қойды

2014 жылдың 24 қазанында Қазақстан бойынша кіші және шағын қаржыландыруға қол жетімдік мүмкіндігігін арттыру мақсатында «KMF» МКҰ мен IFC (Халықаралық Қаржы Корпорациясы), «KMF» және Әлемдік Банк Тобы мүшесі болып табылатын IFC арасында АҚШ 5 млн. доллар баламасында қазақстандық теңгеде несие ұсыну туралы Келісімге қол қойылды.

Бұл несиені ұсыну компанияда 80 мың белсенді клиенттер қатарын құрайтын кәсіпкерлерге сапалы қаржылық қызметтер көрсету арқылы KMF-ке әрі қарай да Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Олардың 68% нәзік жандылар екенін атап өткен жөн.

Бұл шараның басты қатысушылары KMF-тің Басқарма Төрағасы Жүсіпов Шалқар Аманқосұлы мен IFC-дің қаржы институттары бойынша топ басшысы Эдвард Строудерман, барлық жиналғандарға қош көрдік дей келе, осы келісімнің маңызы мен мақсатын ашып өтті. Содан кейін, құжаттарға қол қою рәсіміне көшті.

Қазақстандағы табысы төмен тұрғындардың, сондай-ақ кіші, шағын және орта кәсіпорындардың өздеріне де, өзгелерге де оңтайлы жағдай туғызу үшін, қаржының қолжетімді болуы өте маңызды. IFC -дің қолдауымен біз шағын несиелендіруге деген қажеттіліктің аса жоғары бағыттарда даму жоспарымызда», – деді Шалқар Аманқосұлы.

Эдвард Строудерман: «IFC жаңа жұмыс орындарын құру мен Қазақстандағы шағын несиелендірудің дамуын экономикалық өсуге ынталандыруға қолдау көрсетеді. KMF-тің қаржыландыруы арқылы қарқынды өсіп, валюталы тәуекелдерді қысқартады және тұрақты негізде көптеген клиенттерге қызмет көрсетеді», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, KMF пен IFC белгіленген серіктестік шеңберінде айырбасты ұсыну туралы қосымша шектемелі келісімге қол қойылды (ISDA Master Agreement). Бұл келісім қаржылық тәуекелдерді төмендету үшін KMF-ке валюталық және пайыздық айырбастарды IFC-пен жүргізуге мүмкіндік береді.

Құжаттарға қол қою ресми бөлімінен кейін, журналисттер қызықтыратын мәселелері бойынша, сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Сұхбат қызу өтті, журналисттер қойған түрлі сұрақтарға тұшымды, толық жауап берілді.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success