Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

6 Ақпан 2014 KMF ОДАН ДА КӨБЕЙЕ ТҮСТІ!

KMF микронесие ұйымы өзінің қамту ауқымын кеңейту және тереңдету стратегиясына сенімді еруде. Бүгін, 2014 жылдың 4 ақпанында, Тараз қаласындағы KMF бөлімшесінің «Байзақ» бөлімінің салтанатты ашылуы өтті, оған KMF басшылары мен KMF-тың жаңа тұтынушылары қатысты.

KMF-тің жаңа «Байзақ» бөлімінің ашылуы тұтынушыларға қызмет көрсетуді максималды ыңғайлы етумен байланысты, өйткені бұл бөлім бүкіл облыстың барлық ірі сауда орындары орналасқан Тараз қаласының кіреберісінде орналасқан. Жаңа бөлім Байзақ ауданының тұрғындары мен кәсіпкерлеріне өз бизнестерін қолдауға және дамытуға, үй жағдайларын жақсартуға, сонымен қатар қаржылық көмекті қажет ететін жедел мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

«KMF әрдайым бізге, яғни өзінің тұтынушыларына ыңғайлы болу үшін барлық жағдайларды жасайды, оған өте қуаныштымыз. Енді қаладағы бөлімшеге жету үшін жолға көп уақыт жұмсаудың орнына, өз жұмыстарымызбен айналыса береміз. Сол үшін Сіздерге үлкен рахмет!» - деп, өз қуанышымен KMF тұтынушысы – Давлетьярова Канжигуль бөлісті, «Рауан плюс» группасынан.

Ашылғаннан бері бұл бөлім өзінің алғашқы төрт тұтынушысына 635 000 теңге суммасына микронесиелерін берді. Жаңа бөлімге келген әр тұтынушы KMF-тен блокнот, қалам және ІСКЕР журналы түріндегі корпоративті сыйлықтарын алды.



?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success