Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

21 Қазан 2014 KMF Астана қаласындағы Шағын қаржы форумына қатысты

2014 жылдың 16 қазанында Астана қаласында «ШОБ өсуін қажет ететін жағдайдағы шағын қаржыландырудың жаңа парадигмасы» Шағын қаржыландыру форумы өтті.

Форум ұйымдастырушылары: Қазақстанның шағын қаржыландыру ассоциациясы, Шағын қаржы ұйымдарын қолдау орталығы және British Gaz Kazakhstan.

Форум жұмысына мемелекеттік орган өкілдері мен жеке шағын қаржы ұйымдары, сондай-ақ, жаңадан тіркелген шағын қаржы ұйымдарының өкілдері, транзакция бойынша қызмет көрсету, несиелік бюро және т.б. секілді шағын қаржы саласында қызмет көрсететін коммерциялық ұйымдар қатысты.

Отырыс барысында шағын қаржы саласындағы мемлекет саясатының мәселелері, ШҚҰ қызметін реттестіру ерекшеліктері, шағын қаржыландыру арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершіліктері мен ШҚҰ клиенттері үшін қызмет көрсетудің жаңа түрлері талқыланды.

«KMF» МКҰ атынан маркетинг, PR және SPM бөлімінің менеджері Сандуғаш Шарипова «KMF-тің әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбында баяндама оқыды.

Форум шеңберінде Үкімет тапсырмасын орындау бойынша және өзге де шағын қаржы ұйымдарын мемлекеттік қолдау бойынша келісілген ұсыныстарды талқылау болып өтті. Кездесу ауқымды диалогтік алаңға айналды, ол жерде секторды, сондай-ақ, негізгі тараптың реттеуші ретіндегі көрінісі ұсынылды.

Бұл алаң, форум қатысушыларының әрі қарай қандай бағытта қозғалу керектігіне, клиенттер үшін қандай қызмет көрсетуіне бағыттандыру және өз қызметінің жаңа даму жолын көрсету мақсатында таңдалған.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success