Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

27 Желтоқсан 2011 «KMF»: Біз клиентке тек «иә» деп жауап береміз

«Мир денег» газеті, Семей, 2011 жылғы 15 желтоқсан

Атаулы мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы соңғы күндердің барлығында редакциялық пошта жағымды жаңалықтарға толды. Кәсіпорындар мен мекемелерде, ЖШС мен фирмаларда елдің тарихымен тығыз байланысты тарихты, өткен кезеңдерді, қиыншылықтар мен жетістіктерді еске түсіреді. Осындай шаралар кезінде еліміздің айтулы мерейтойын лайықты қарсы алатындай жағдайда екендігіміз ойға келеді. Елдің экономикасын нығайтуға, оның халықаралық беделін көтеруге салмақты үлесін енгізгендердің арасында сарапшылар толық құқықпен «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымын (бұдан әрі – «KMF») атайды. Біздің тілшіміз осы қаржы ұйымының офисінде болып, ұйымның жетістіктеріне, қызмет қағидаттары мен болашақ бастамаларына қайран қалды, оның жұмысын жан сүйсінерлік деп атамасқа амал жоқ. Бұл жәйт компанияның өзі үшін де, оның клиенттері үшін де жағымды. 


«KMF» компаниясының қазіргі заманға лайық безендірілген семейлік офисі жарық, кең әрі жайлы. Келушілер үшін мұнда қолайлы әрі жайлы екендігіне күмән жоқ: кредит жөніндегі маманмен немесе кеңес берушімен сөйлесу, қажетті құжаттарды ресімдеу, ақшаны қайта санау, таныстарыңды немесе іскер серіктесіңді күте тұру мүмкіндігі бар. Мұның бәрі күзеттің қырағы бақылауымен өтеді, ал көрнекті қаржы мекемесі үшін бұл аса қажет. Микрокредиттік ұйымның «Нақты іске – нақты қолдау» деген ұранының өзі құрметке лайық. Шағын бизнестің қолдауды көп жағдайда қажет ететіндігі белгілі. Шындығына келсек, бұл өмірде ақша кімге керек емес? Көпшілік ақшаны үнемі, ал көп жағдайда жедел қажет етеді.

«KMF» МКҰ-ны басқалардан ерекшелейтін қасиет оның демократиялық және қол жетімділік, ашықтылық және айқындылық ұстанымы деп айтар едім. «Біз өз клиенттерімізден ештеңені жасырмаймыз, қулық жасамаймыз және қашан да олардың жағдайларын ойлаймыз, өйткені біз адамдарға шын көңілден көмек жасағымыз келеді, - деп филиал қызметкерлері өздері ұстанатын қағидаттарды түсіндіреді. Оларды бұған ұйымның жоғары миссиясы да міндеттейді: «Біз клиенттеріміздің әл-ауқатын көтеруге сапалы микроқаржылық қызметтерді қол жеткізу мүмкіндігін беру арқылы ықпал жасаймыз». Осы жоғары дәрежелі формула шынымен де жұмыс істейді. Кейбір цифрларды келтірейік.

Қызмет еткен 14 жыл ішінде – «KMF» МКҰ белгілі ЮСАИД халықаралық ұйымының қолдау көрсетуімен алғашында оңтүстік аймақтарда сонау 1997 жылы құрылды – микрокредиттік ұйым бүкіл елдің қаржылық нарығына шықты. Бүгінгі күні «KMF» қызметтерін бүкіл Қазақстанның тұрғындары іс жүзінде пайдаланады: филиалдық желісі 14 ірі қалада жұмыс жасайды, ауылды мекендерде шамамен 40 бөлімшесі бар. Сөз кезегінде айта кететін болсақ, біздің қаламыздағы филиал Павлодар, Көкшетау және Өскемен қалаларындағы филиалдармен қатар өткен жылы жаз мезгілінде ашылды. Осы, бүкіл елдің мерейтойы болып жатқан жылы, Қостанай мен Ақтөбе қалаларындағы филиалдардың есіктері айқара ашылды. «KMF» компаниясы Қазақстанның барлығы 1000 елді мекеніндегі тұрғындарға қызмет көрсетеді. МКҰ-ның жалпы несиелік портфелінің көлемі 7,5 млрд. теңгені құрайды, клиенттерінің саны – 45 мың адам: кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, медбикелер, бір сөзбен айтқанда, бұқара халық көпшілігі.

Енді МКҰ ұжымы мен мамандары туралы әңгімелейтін кез келген сияқты. Филиал директор Қанат ӘСЕНОВ толығымен тәжірибелі әрі болашағы зор басшы болып саналады: ол «KMF» жүйесінде 2004 жылдан бері жұмыс жасайды. Халықаралық Қазақ‑Түрік Университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетін бітірген, мамандығы – экономист. Семейге дейін «KMF» компаниясының Түркістан және Қарағанды филиалдарында жұмыс жасады. Біздің қаламызға жаңа филиалды, ұжымның күшті әрі кәсіпқой тобын қалыптастыру мақсатында ауыстырылды. Қанат Әбдірайымұлы әңгіме барысында филиалдың өткен бір жарым жылдағы нәтижелері оны жеткілікті қанағаттандыратындығын жасырмайды, көрсеткіштер де, өсім де бар, енді ауылды аймақтарды қамту болашағы мақсат етілген.

Қ. Әсенов үшін жаңа аймақ бірқатар себептер бойынша ұнамды болды. «Семей аймағының басты капиталы, менің ойымша, адамдар болып табылады.- дейді директор.- Мұндағы халықтың пейілі өте жақсы, олар ақкөңіл, тәрбиелі, ең бастысы, шығармашыл және еңбекқор болып келеді. Уақыт өте келе осының арқасында біздің филиалымыз «KMF» компаниясының ірі құрылымдық бөлімшелерінің біріне айналады деп сенеміз. Алдағы үш жылға қойған стратегиялық жоспарымыз осындай». Әңгіме иесі қызмет бабымен қала ішінде көп жүреді. Кредиттік комитеттің мүшесі ретінде ықтимал клиенттерде жиі болады, кәсіпкерлермен, олардың айналысатын істерімен танысады. Сондықтан Семейде оның сүйікті орындары да бар, бос уақытында ол Ертіс жағалауында, қарағай орманында болғанды ұнатады. Қанат Әбдірайымұлы оңтүстік адамы ретінде өзіне шаңғы ойынының барлық ғажайып жақтарын ашты. Қыста ұжым шаңғы базасына шығып демалады, бұл, бір жағынан, денсаулыққа пайдалы, екінші жағынан, команданың корпоративтік рухын нығайтады.

«KMF» компаниясының қандай кредиттерді, қандай талаптармен ұсынатындығы жөнінде өзінің сүйкімді де тартымды қылығымен ерекшеленетін бас бухгалтер Баян ӘБДЕЛДИНОВА әңгімелейді.

- Біздің кредиттеріміз шындығында да барынша қол жетімді болып табылады. Мұндай артықшылыққа қызметкерлердің тындырымды жұмысы мен шағын бизнеспен ынтымақтастық құруда ортақ ниеттестік таныту арқылы клиенттің төлемге қабілеттілігін бағалау кезінде икемді тәсілдемені қолдану есебінен қол жеткізіледі. Көп жағдайда клиент бізге емес, біз клиентке барамыз. Әртүрлі жағдайларда, уақытша қиыншылықтар мен маусымды тыныштық кезінде біз барынша көмек көрсетуге тырысамыз, қысқасын айтқанда, біз клиентке қашан да «иә» деп жауап береміз.

Сапалы қаржылық қызметтердің, сондай‑ақ жоғары сервистің арқасында нақты уақытта филиалдың активінде – 1,6 мың клиент, олар «KMF» МКҰ-ның сенімді серіктес екеніне көз жеткізіп үлгерген. Онымен өз бизнесіңді, ол шағын болса да, қомақты болса да, сенімді дамытуға болады. Несиелік портфельдің сапасы – тамаша, тәуекелдер – нөл, проблемалы қарыздарды жоқ деуге де болады.

Тағы бір қызықтыратын жәйт бар. Бір жыл ішінде клиенттің қысқа мерзімге 4-5 кредит алатын мүмкіндігі бар, ал кредиттердің талаптары, бірінші кезекте, клиенттің мүдделерін қанағаттандырады. Қысқа мерзім қарыз алушылар үшін шағын пайыздарды және тікелей келтіретін пайданы білдіреді.

Кредиттер сомасы 150 мың теңгеден 1,5 млн. теңгеге дейін құбылады, мерзімі – 12 айға дейін. Заңнама және қаржылық мүмкіндіктері бойынша микрокредиттік ұйым 3 жылға дейінгі мерзімге құны 10 миллионға дейін жететін бұдан да ірі жобаларды қаржыландыра алады.

Бұдан басқа Семей аймағы тұрғындарының топтық қарыздарына кредит беру бойынша ерекше шарттар бар. Бұл: комиссияның болмауы және пайыздық мөлшерлеменің компанияда қолданылатын 7 %-дан төмен болуы. Осындай ниеттес шешім қабылдау кезінде «KMF» МКҰ бас офисі біздің аймақтың әлеуметтік қорғансыздығына, әлсіз экономикалық даму деңгейіне сүйеніп отыр.

АУЫЛ - АЛЫСТА ЕМЕС

Қаржыгерлердің Тәуелсіздік мерейтойына жасаған жақсы сыйлығы компанияны ауылды мекендерге бағыттауы болып табылады. Филиал директоры Қанат Әсеновтың айтуы бойынша, МКҰ мамандарының ауылды аймақтардың өмір ахуалы мен даму деңгейін тексеруі ауылдықтардың ақша қаражатына мұқтаж екендігін растады. «KMF» компаниясы алғашқы кезде жақын орналасқан Бесқарағай және Абай аудандарының тұрғындарына қолдау көрсететін болады, бірінші ауданда өсімдік шаруашылығы, ал екіншісінде мал шаруашылығы дамыған. Бастама жасалып қойды, аудан тұрғындары 200‑ден астам кредит алды. Ауылдық клиенттердің жауапкершілігі мен тәртіптілігі, кредит сомаларының ұлғаюы әрі қарайғы қадамдар үшін негіз болып табылады. Басқаша айтқанда, жуық арада мұнда стационарлық бөлімшелер ашылатын болады. Орын алған текшені ауылды аймақ есебінен кеңейту микрокредиттік ұйымның іскерлік беделін көтереді, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл‑ауқатын жақсартуға, ауыл кәсіпкерінің өсуіне ықпал етеді.

Мерекелер қарсаңында отаншыл әрі бей‑жай емес азаматтардың біртұтас ел ретінде біздің бірлігімізді айқындайтын келбеті – қайырымдылық туралы айту дәстүрлі болып табылады. Бұл тұста да «KMF» компаниясында бәрі ойдағыдай. Жергілікті филиал ұжымы, қызмет мерзімінің аздығына қарамай, өзін белсенді әрі елгезек ұжым ретінде көрсете білді: әлеуметтік бағытталған ұйым көптеген игі жұмыстар жасап үлгерді. Жазда ҚМС‑мен бірлесе отырып, балалар арасында асфальттегі суреттер жарысын ұйымдастырды, жарыс барысында жеткілікті қамтамасыз етілмеген және көп балалы отбасы балаларына арналған мектеп-интернатқа, №8 Балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұдан басқа оқушы қыздар арасындағы футбол бойынша Республикалық турнир аясында балалар (қыздар) футбол командасына мердігерлік көмек көрсетілді – «KMF» МКҰ-ның жеңіл қолымен жасөспірім спортшы қыздар Астана қаласында өткізілген жарыстарда бірінші орынға ие болды. Осы және басқа да акциялар туралы әңгімелей отырып, филиал қызметкерлері ардагерлерді, балалық пен шығармашылықты қолдау дәстүрі әрі қарай да жалғаса береді деп сендіреді. Көбінесе жастар жұмыс жасайтын ұжымның кеудеге үміт ұялататындығымен, адамгершілік, достық және аға ұрпақтар негізін қалаған дәстүрлерге деген сый‑құрмет қағидаттарына беріктікті сақтағандықтарымен келісесіздер деп ойлаймын. Өйткені, тек адамгершілік, жақсылық пен еңбекқорлық қана қоғамды алға басқызатын жасампаз күш болып табылады.

Мархабат ШЫБЫНТАЕВА

Анықтама үшін:

«Forbs» журналының хабары бойынша «KMF» МКҰ әлемдегі үздік деген 50 микроқаржылық ұйымдардың қатарына қосылды. Мұндай қорытындыға келмес бұрын, беделді халықаралық журнал 641 МҚҰ қызметін талдады. «KMF» компаниясы рейтингтің осындай құрметті тізімінде 37 орынға ие болды.

Бұдан басқа «KMF» МКҰ­ ЮСАИД-тан «Микрокәсіпкерлерге арналған қаржылық қызметтерге қол жетімділікті арттырудағы көшбасшылық және тиімді басқару үшін» марапатына ие. Сондай‑ақ компанияның КФО мен Smart Compaign атынан «Клиент құқықтарын қорғаудағы табыстары үшін» және «Клиенттердің шамадан тыс берешектерін болдырмау бойынша қолданылған ең жақсы құралдар үшін» деп аталатын халықаралық сыйлығы бар.

Атаулы күн – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында KMF компаниясы тағы бір қуанышты хабар алды – Ресейде микроқаржыландыру бойынша өткізілген «Жаңа онжылдық – жаңа міндеттер: реттеу дамудың қозғаушы күші ретінде» атты Х Ұлттық конференцияда «KMF» МКҰ Басқармасының Төрағасы Шалқар Жүсіпов ТМД елдерінің Микроқаржы қауымдастықтарының Халықаралық үйлестіру кеңесінің жаңа Төрағасы болып сайланды. Мұндай жауапты әрі құрметті лауазым Қазақстанның бүкіл микроқаржылық секторының жоғары дәрежеде дамуын және KMF компаниясы қызметінің халықаралық деңгейде дамуын мойындау белгісі болып табылады.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success