Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

16 Қаңтар 2017 KMF «Бизнестегі арулар» бағдарламасы бойынша бөлінген ЕҚДБ қаражатын толық игерді
2016 жылдың шілде айында KMF микроқаржылық ұйымы Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) жасалған келісімнің аясында алғашқы траншты алды. 1,5 айдың ішінде бизнеспен айналысатын KMF-тің нәзік жанды клиенттеріне 1,88 млрд. теңге немесе 4000 астам кредит берілді. 1,9 млрд. теңге көлеміндегі екінші транш 2016 жылдың 28 қарашасында беріліп, 2017 жылдың қаңтар айында толығымен игерілді.

Жалпы алғанда кәсіпкер әйелдер жалпы сомасы 3,8 млрд. теңгені құрайтын 8 178 кредит алды. Олардың әрқайсысының жеке ісі бар. Осындай қаржылай көмектің арқасында олар бизнестерін дамыту, ақша табу, отбасыларын асырау, балаларын оқыту сынды мол мүмкіндіктерге қол жеткізіп отыр!

Бағдарлама аясында кәсіпкер әйелдерді қаржылай және қаржылай емес қолдау қарастырылған: кәсіпкер әйелдерге арналған оқыту семинарлары, сонымен қатар тәлімгерлік және коучинг.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success