Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

24 Қаңтар 2017 KMF Қазақстанда алғашқы болып шетелдік инвесторлардан бірлестірілген кредит алды

KMF микроқаржылық ұйымы және Дүниежүзілік банк тобының мүшесі – Халықаралық қаржылық корпорация (IFC) арасында $44 млн. көлеміндегі бірлестірілген кредит туралы келісімге қол қойылды. Шетелдік инвесторлардың құрамына микроқаржылық нарықтың жетекші қаржылық компаниялары кіріп отыр: Microvest (АҚШ), Bank im Bistum (Германия), Incofin (Бельгия), Symbiotics (Швейцария).

Бұл Қазақстанның микроқаржылық нарығына беріп отырған IFC-дің алғашқы қарызы. 14,5 млрд. теңгеге жуық қаражат KMF-ке ұлттық валютада бірнеше траншпен беріледі (келісімге қол қою сәтінде ҚР ҰБ бағамы бойынша), осылайша KMF клиенттерін валюталық тәуекелден қорғайды.

Аталмыш қаражатты KMF кіші, шағын және агро бизнес өкілдерін кредиттеу, соның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолданады. Инвестициялар KMF-тің кредиттік қоржынын ұлғайтуға және табысы төмен клиенттерді, әсіресе ауыл тұрғындарын қолжетімді кредитпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.  

«2016 жылы біздің кредиттік қоржынымыз 48%-ға, клиенттер саны 21%-ға ұлғайды. Осының барлығы Қазақстанның шағын бизнес секторының қарқынды дамуын, ал кәсіпкерлердің қолжетімді кредиттерге аса зәру екендігін көрсетіп отыр. IFC бірлестірілген қарызы аясында алынатын қаражат кәсіпкерлерді, әсіресе банктік қаржыландыруға қолжетімділігі шектеулі ауыл кәсіпкерлерін қаржыландыру мақсатында пайдаланылады. Үстіміздегі жылы KMF өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде біз ең үздік қарыз алушы және өз саласының көшбасшысы деген марапатқа лайық деп танылдық. Біз IFC-ге қаржыландыруды тарту арқылы микроқаржылық сектор үшін зор мүмкіндіктер ашып жатқандығына алғыс білдіреміз. Бұл біздің табысты болуымыз үшін де аса маңызды», - деп атап өтті KMF Басқармасының Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

«KMF микроқаржылық ұйымы іспетті қаржылық институттарды қолдау арқылы біз бүкіл республика бойынша кіші және шағын кәсіпорындарды дамытуға үлес қосамыз, осылайша IFC міндетін орындаймыз. Біздің тұрақты ынтымақтастығымыз Қазақстанда жаңа жұмыс орындарының ашылуына және кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсететініне кәміл сенеміз», - деп IFC-дің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Моаззам Мекан өз пікірін білдірді.

Қазақстанда соңғы жылдары микроқаржылық ұйымдардың саны артқанымен, микроқаржылық нарық салыстырмалы түрде шағын болып есептеледі. Оның үлесі елдің жиынтық кредиттік қоржынының тек 1% құрайды. IFC микроқаржылық ұйымдарға әлеуеттерін өсіруге көмектеседі, кредиттеу саласындағы мүмкіндіктерін арттырады, МҚҰ тиімділігін күшейту, қаржыландыру кезінде жауапкершілігін арттыру, қаржыландыру базасын тұрақтандыру және әртараптандыру арқылы микроқаржылық нарықтың қалыптасуына қолдау көрсетеді.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success