Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

27 Ақпан 2014 KMF 100 000-шы клиент анықталды!

KMF шағын несие беру ұйымының клиенттерді есепке алу жүйесі 100 000-шы клиентті анықтады. Ырысты жан - Өскемен қаласының 33 жасар тұрғыны, Абдрахманова Жансая.

Жансая, бір жылдан астам уақыт бойы, «Арзан» көтерме сауда үйінде орналасқан дәмханаға иелік етіп, кәсібін дөңгелетуде. Ол достарының ұсынысы бойынша KMF-ке алғаш рет осы жылдың 12 ақпанында кеңес алу үшін келіп, аталған айдың 14 күні несие шартына қол қойды. Шағын несиені рәсімдеген сәтте, арнайы жүйе оның 100 000-шы клиент екендігін анықтады. Жансая «Достар Бизнес» топтық несиелендіру өнімінің жаңа қатысушысы болып табылады. Алған несиені өз кәсібін әрі қарай дамыту үшін пайдалануға ниетті екендігін білдірді.

Өскемен қаласындағы филиалда орын алған қуанышты жағдайдың құрметіне орай, марапаттаудың салтанатты рәсімінде Жансаяға 100 000 теңгеге сыйлық сертификатын «KMF» Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов табыстайды. Аталған шараға Өскемен қаласы филиалының барлық қызметкерлері, компанияның құрметті қонақтары мен әріптестері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

100 000-шы белсенді клиент – KMF үшін көптен күткен оқиға болды. Бұны еліміздегі 100 000 адам тарапынан көрсетілген сенім деп қарастыруға болады. Несие алушылардың басым бөлігі өз кәсібін дамытумен айналысатындығы қуантады.

Бүгінгі күні Қазақстанның әр өңірінде 16 филиал мен 70 бөлімше табысты қызмет етеді. Жалпы алғанда, осы бөлімшелердің барлығы 3 000-нан астам шалғайдағы елді мекен тұрғындарының шағын қаржыландыруға қол жеткізулеріне мүмкіндік береді.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success