Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

22 Маусым 2016 Қарағанды филиалының қайырымдылық көмегі

Қарағанды филиалы Клипенштейн Дарьяға оңалту операциясын жасау бойынша материалдық көмек көрсетті.

Клипенштейн Дарья 05.09.2011 жылы туылған. Диагнозы – БЦС (ДЦП), түйілу диплегиясы. Дарья 29 аптада туылды, сол кездегі салмағы 980гр және бойы 34 см болды. Туылған кездегі жағдайы: ауырлығы ауыр дәрежеде, шала туылуына және ағзаның жетілмеуіне байланысты бірден пневмонияға, нәрестелік сары ауруға шалдыққан, торлы қабық астына қан құйылған. Дарьяға түйілу диплегия диагнозы 10 айында қойылған.

Сол уақыттан бастап Дарья үздіксіз ем алып келеді – емдік дене шынықтыру (ЛФК), массаж, рефлексті терапия, инемен емдеу, Ульзибат әдісі бойынша екі ота жасалды. Бүгінгі күні қабылданған ем-домдардың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Дарья өз бетінше отырып, қозғала алады, өзі тамақ ішеді, тіректің қасында тұра алады. Ақыл-есі де қалыпты дамуда.

Енді Дарьяға Ульзибат әдісі бойынша үшінші ота жасалуы қажет, осы мақсатта біздің компания 250 000 теңге мөлшерінде қаражат бөлді. Дарья мен оның ата-анасына ақшалай сертификат және жұмсақ ойыншық тарту етілді. Тек олар ғана емес, филиал ұжымы да сол сәтте үлкен қуанышқа бөленіп, көздеріне жас алған еді. Біз Дарьяға жасалатын ота өз нәтижесін беріп, кішкентай бүлдіршіннің өз бетінше қадам жасайтын күндері алыс емес деп сенеміз. КМФ компаниясы Дарьяның отбасына шын жүректен сәттілік тілейді!


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success