Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

7 Қыркүйек 2015 Қарабалықтағы Ашық есік күндері

3 қыркүйек күні Қостанай филиалының Қарабалық ауылындағы бөлімшесінде Ашық есік күндері өткізілді. Ұйымдастырылған шараға компанияның бейілді клиенттері шақырылды. Қостанай филиалының директоры Нағашыбай Күркенов шараны жылы тілектерімен ашты.

Клиенттерге өз бизнесін сауатты жүргізу негіздерін оқытуға бағытталған жаңа «Бизнес-сауаттылық» жобасы баяндалатын бейнеролик пен компанияны таныстыру бейнебаяны көрсетілді. Одан кейін жоба тұрғысында шағын талқылаулар өткізілді, соңында клиенттер көрсетілген қамқорлығы үшін KMF-ке алғыстарын жеткізді. Өз кезегінде Нағашыбай Алшынұлы клиенттеріміздің бейілділігі мен тұрақтылығы үшін ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.

Сонымен қатар, Ашық есік күндерінің маңызды бөлігі, яғни клиенттердің компанияға қызметіне қатысты тілектері мен өтініштері тыңдалды. Аталмыш ақпарат клиенттердің пікірлері бойынша компания қызметін әлі де оңтайландыруды қажет ететін тұстарымен бөліседі.

Күннің соңында өте қызықты қолданбалы өнер бойынша интерактив өткізілді, сондай-ақ шағын фуршет ұйымдастырылды . Бұл күн клиенттерді жақынырақ тану және түсінуге мүмкіндік берген өнімді күн болды.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success