Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

23 Қыркүйек 2014 «KMF» МКҰ ресейлік шағын қаржы ұйымдары басшыларының делегациясын қабылдау шарасын өткізді

Ресейлік Шағын қаржы Орталығы 2014 жылдың маусым айындағы ресейлік шағын қаржы ұйымдары басшыларының делегациясының Қазақстанға келген кезінде көрсетілген құрмет пен жылы қабылдағаны үшін «KMF» МКҰ ұжымына және жекелей Басқарма Төрағасы Жүсіпов Шалқар Аманқосұлына алғыс білдірді. «KMF» МКҰ делегация қатысушыларына шағын қаржыландыру саласындағы Компанияның табысты қызметімен тәжірибе жүзінде танысу мүмкіншілігін ұсынды.

Делегация құрамына Ресей Шағын қаржы Орталығының өкілдері, Санкт-Петербург қаласындағы Шағын және орта бизнесті несиелендіруге жәрдемдесу қоры, Воронеж облысының Кәсіпкерлікті дамыту қоры, Усть-Илимск қаласының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, муниципалды білім беру қоры, Байкал Сақтандыру Үйі, «Брянск Шағын несие қоры» КҚҚ.

Компанияның 16 жылдан бері тек ірі қала тұрғындарына ғана емес, шалғайдағы елді мекен тұрғындарының шағын несиелік қызметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік туғызып отырғандығы, сондай-ақ, Компанияның өз клиенттерімен ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа бағытталғандығы және көптеген ұсыныстардың ішінен «KMF» МКҰ пайдасына таңдау жасалуы делегацияның «KMF» МКҰ тәжірибесіне қызығушылық танытуының басты себебі болып табылады.

Делегация қатысушылары өздерінің алғыстарын білдіре отырып, сапар барысындағы жинақтаған тәжірибелік білімнің Қазақстан мен Ресей арасындағы шағын қаржыландыру қызметі саласындағы әрі қарайғы іскерлік байланыс пен серіктестікті нығайтатын болашақ байланыстарға негіз болатынын атап өтті.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success