Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

22 Мамыр 2015 KMF «Бизнес-Аймақ» Халықаралық Конгресінің ресми демеушісі ретінде қатысты

Алматы қаласы
2015 жыл 15 мамыр

Ағымдағы жылдың 14-15 мамыры күндері Алматы қаласында компаниялар иегерлері мен басшыларының «Бизнес-Аймақ» Конгрессі болып өтті. «KMF» пен «KMF-Демеу» Компаниялар тобы үш жыл қатарынан «Отбасы бизнесі» форумы шеңберінде KMF-тің компаниялар иегерлері мен басшыларының «Бизнес-Аймақ» Халықаралық Конгресінің ресми демеушісі ретінде қатысып келеді.

«Бизнес-Аймақ» Конгресі дегеніміз - бизнеске арналған бизнес форматындағы екі күндік көрме, халықаралық қаржы құрылымының өкілдері, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік құрылым басшылары қатысатын терең талқылаулар мен шеберлік-сабақтары болып табылады.

Конгресс шеңберінде келесі шаралар өткізілді:

  • Іскери бағдарлама;
  • B4B көрме-презентациясы;
  • Шешімдер форумы;
  • «Қазақстан аймақтарының Алтын қоры» Әлеуметтік құрмет премиясын табыс ету шарасы.

Конгресс қатысушылары:

  • Кәсіпкерлер;
  • мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері;
  • Академиялық қауымдастық пен даму институттарының өкілдері;
  • Кәсіпкерлік ұйымдар/ бизнес қауымдастық өкілдер;
  • БАҚ өкілдері.

«Біздің міндетіміз - бизнес иелері, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өкілдері арасында отбасылық кәсіпкерлік мәселелері бойынша тиімді келіссөз алаңын құру жөніндегі «Отбасы Бизнесі Ассоциациясының» бастамасына қолдау көрсету». Іскери және сауда байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ отбасылық және аймақтық кәсіпкерлікті дамытуға қажетті жағдай жасау. Қандайда бір ірі қаржылық шығындарды талап етпей, бизнесті жан-жақты қолдау», - дейді KMF-тің Басқарма Төрағасы - Жүсіпов Шалқар Аманқосұлы.

Бүгінгі күні компания қызметін 138 000 жуық клиент пайдаланады, олардың басым бөлігі отбасы бизнесінің өкілдері.

«Отбасы бизнесінің форумы үш жылдан бері өткізіліп келеді және нақты жетіктіктерін де атап өтуге болады. Қазір көпшілік кәсіпкерлер, өздерін «отбасы бизнесінің» өкілі ретінде таныстыратын болды. III форум шеңберінде біз халықаралық сарапшыларды шақырдық, олар отбасы кәсіпкерлігінің еуропадағы дамуы жайлы баяндады, қандай бастамалардың бар екендігі заңнамалық және қаржылық қолдау құралдары жайлы да сөз болды. Біз отбасы кәсіпкерлігімен айналысатын тұлғалардың басын біріктіріп, бір-бірімен таныстырып, тәжірибелерімен алмасуға ықпал етеміз», - дейді Қазақстанның отбасы бизнесі Ассоциациясының үйлестіру кеңесінің Төрайымы - Яна Исакова.

Конгреске отбасылық кәсіпкерлердің қатысуы бизнес аймағын кеңейтуге, қорын нақты төлемқабілетті клиенттермен толықтыруға, аймақтағы кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті билік өкілдерімен серіктестік байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, Конгреске қатысушылар өз қызметтерінің жетістіктерін аймақтық деңгейде паш етуге, корпоративті басқару, әлеуметтік маркетинг саласындағы жаңа білімдер, бизнесте заманауи технологияларды қолдану, жаңа өндіріс орындарын құру мен заманауи экономикалық жағдайда кәсіпорындарды дамыту мүмкіндігіне ие болып отыр.

Анықтама:

«KMF» МҚҰ

Өз қызметін 1997 жылы бастаған KMF, Орталық Азиядағы, Кавказ, ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында микроқаржы саласының көшбасшы болып табылады. Компанияның Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан, Қазақстан бойынша 92 кеңсесі бар, олардың 17 –сі филиал, 75-сі бөлімше, оның ішінде 65 бөлімше ауылдық жерлерде орналасқан. Бүгінгі күні KMF клиенттеріне кепілді және кепілсіз кредиттерді келесі қызмет түрлеріне береді: бизнес, егін және мал шаруашылығы, түрлі тауарлардың өндірісі, қызмет көрсету, сондай-ақ тұтынушылық мақсаттар.

«KMF- Демеу» Корпоративті Қоры

«KMF- Демеу» Корпоративтік қоры - коммерциялық емес ұйымы KMF-тің қамқоршы компаниясы болып табылады. KMF-тің Корпоративті қоры кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетеді және КМF клиенттерін қолдауға ықпал етеді. Корпоративті Қордың негізгі қызметі ҚР халқының қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру болып табылады. Серіктестерімен бірлесіп, әлеуметтік, мәдени, білім беру, қайырымдылық, басқару бағдарламалары мен коммерциялық емес мазмұндағы жобалар жүзеге асырылуда.

Қазақстанның Отбасы Бизнесі Ассоциациясы
Қазақстанның Отбасы Бизнесі Ассоциациясы 2013 жылдың наурызында ресми тіркеуден өтті. Оған дейін Ассоциация заңды тұлға ретінде емес, қоғамдық ұйым ретінде қызмет атқарған болатын.

Қазақстанның Отбасы Бизнесі Ассоциациясының негізгі қызметі Қазақстан аумағында отбасылық кәсіпкерлікті дәріптеуге бағытталған. Ассоциация құрамында 120 астам ресми өкіл бар. Жеке отбасы бизнесінің кәсіпкерлері мен олардың серіктестері Ассоциацияның мүшесі болып табылады.

Қосымша ақпаратты
KMF-тің PR-бөлімінің менеджері
Гауһар Құрманбаевадан
Байланыс телефоны: +7 (727) 250 68 77, ішкі. 199
Моб.: 8 (707) 402 60 48
E-mail: gaukhar.kurmanbayeva@kmf.kz
Сондай-ақ,
«KMF-Демеу» Корпоративті қорының
Жобалар бойнаша жетекші маманы
Виктория Сабыровадан алуыңызға болады
Тел.: 8 (778) 529 29 11
E-mail: viktoriya.sabirova@kmf.kz


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success