Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

9 Маусым 2014 Шағын және орта бизнес жетекшілерінің «Бизнес-аймақ» аймақаралық Конгрессі

4-5 маусымында Алматы қаласында Шағын және орта бизнес жетекшілері­нің «Бизнес-аймақ» аймақаралық Кон­грессі өткізілді. KMF МКҰ осы шараның серіктесі ретінде қатысты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес жетекшілері мен компания иелерінің қатысуымен болған көлемді шара болып табылады. Конгресс бағдарламасында пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдегі талқылаулар, тренингтер орын алды. Конгрес шеңберінде Отбасы бизнесінің форумы ерекше орынға ие болды.

4 маусымда өткен, жалпы сессияның басты тақырыбы «Заманауи экономикалық жағдайдағы ШОБ кәсіпорындарын дамыту перспективасы мен мүмкіндіктері» болып табылды. Спикер ретінде «KMF» МКҰ» ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Ибрагимова Рауза Абдулвахитқызы шағын және орта бизнесті несиелендіру мен инвестициялау жайлы баяндады. Сондай-ақ, өзге де спикерлер бизнестегі әртараптандыру және жетілдіру, жаңа өндірістерді ашу, әріптестік бизнестегі қызығушылық теңгерімін сақтау және орнату орта және шағын компанияларда корпоративті басқару құралдардың сабақтастығы және өзге де мәселелер жайлы баяндады.

5 маусым күні отбасылық кәсіпкерлік саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел және Қазақстандағы Отбасы Бизнесінің Форумы өтті. Дөңгелек үстел спикері ШОБ бөлімінің менеджері Егізбекова Әсем Айдарқызы «KMF» МКҰ» бірге қаржылық сауаттылық. «Аймақтағы кәсіпкерлерге арналған қаржылық қолдаудың мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.

Конгресс қатысушыларына: Қаржылық есептіліктің құралдары – қауіпсіздік пен тиімділік; ШОБ Мемлекеттік бағдарламасы; Дамыту институттары және тиімді серіктестік; Еуропалық даму және қайта құру банкінің мүмкіндігі Қазақстандағы ШОБ- қаржылық, қаржылық емес, және гранттық бағдарлама; Қызметкер неге жұмыс істемейді және оған пайда табуға қалай мәжбүрлеу керектігі жайында айтылды.

«KMF» МКҰ» клиенттері де Конгресске қызығушылықпен қатысты. «Осы Конгресске қатысу үшін мені шақырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Мен спикерлерден өз бизнесімді дамыту үшін қажетті ақпаратты алдым. Бұл шара мен үшін оқу әрі тәжірибемен алмасу болды.» - деп бөліседі Есік қаласының кәсіпкері, Серікқайша Баймұхамбетова.

«Осы Шараға қатысу арқылы, мен салыққа қатысты жеке кеңестер алдым, енді мен әрі қарай не істеу керектігін білемін, сонымен қатар, өз бизнесім үшін тауарды жеткізіп берушіні таптым» - дейді, қуанышпен Күбетпаева Бақытгүл, Қапшағай қаласы.

«KMF» МКҰ» Конгресстің кез-келген қатысушысы компания қызметімен таныса алатын және несиелендіру бойынша кеңес алу үшін промо-нүкте ұйымдастырылды.

Конгресстің аяғында «KMF» МКҰ» Басқарма Төрағасы Жүсіпов Шалқар Аманқосұлына бизнесінің дамуына қосқан үлесі үшін марапаты мен «Қазақстан аймақтарының алтын қоры» лауреаты Дипломы табыс етілді.

«Қазақстандағы отбасылық кәсіпкерліктің тамаша мүмкіндіктері мен болашағы бар. Біздің «KMF» МКҰ Қазақстанның отбасылық кәсіпорындары Қазақстан шеңберінде ғана емес шетелде де табысты, белгілі және көшбасшылық құрылым атануларын тілейді. Біз барлық клиенттерімізге бізге білдірген сенімдері үшін алғысымызды білдіріп, бизнестеріне табыс тілейміз!» - дейді «KMF» МКҰ ЖШС Басқарма Төрағасы Жүсіпов Шалқар Аманқосұлы.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success