Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

2 Қыркүйек 2015 Бас кеңсе қамқорлығына алған №10 мектеп-интернатындағы Білім Күні

Жаңа оқу жылының басталуы дегеніміз - ұстаздар, ата-аналар мен олардың балалары үшін көптен күткен тебіреніске толы шуақты мереке.

Бүгін бірнеше бірінші сыныптың жас өрендері аталмыш оқу орнынының табалдырығын аттады. Олар үшін бұл маңызды шара - ұзақ та, қызықты мектеп жолының бастауы болып табылады. Білім күніне арналған салтанатты сапқа тұру мерекелік шарасын мектеп директоры Ләззат Көлбайқызы құттықтау сөзімен ашып, балаларға тұрақты қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқаны үшін «KMF» МҚҰ алғыс білдірді.

Оқушылар би билеп, ән салып өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, балаларға Мемлекеттік қуыршақ театрының әрістері қойылым қойды. Иә, әрине, бастысы, Алғашқы қоңырау соғылды!

Өздеріңіз білетіндей, Бас Кеңседе №10 мектеп-интернаты балаларының өздері жасаған қолөнер туындыларын өткізу бойынша Қайырымдылық аукцион өткізіліп, нәтижесінде 200 000 теңгеге жуық қаражат жиналды. Жиналған қаржыны өнерлі балаларға ұлттық киім сатып алуға жұмсауды ұйғардық. Оның тарихы да қызық.

Тапсырысты біздің компанияның бейілді клиенті, ұлттық киімдер тігу кәсібін жүргізетін Абиханова Дәмегүлге бердік. Ол тапсырысқа аса бір жауапкершлікпен қарап, бірнеше ай бойығы еңбегінің арқасында 8 қыз балаларға арналған, 4 ұл балаларға арналған ұлттық киім дайын болды. Жалпы, қолдан тігілген ұлттық киімдер қымбат болатындықтан, жинаған қаржы тек қыз балалардың 8 костюмына ғана жетті, ал ұл балалардың 4 ұлттық киімін Дәмегүлдің өзі KMF-ке деген құрметі және балаларға берген сыйлық ретінде ұсынды.

Міне, игіліктің игілікке ұласуы дегеніміз осы!

Тігілген ұлттық киімдерді киіп салтанатты шарада өнер көрсеткен оқушылардың үстінен осы салтанатты сап түзеуге жиналғандардың барлығы тамашалауға мүмкіндік алды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ұлттық киімдерді жақында ғана алып келгенін және ол киімдерді көрген кездегі оқушылардың таңданысын жасырған жоқ. Мектеп оқытушылары KMF-тің жасаған сыйлығына дән ризашылықтарын жеткізіп, балалардың тағы да кеңсеге келіп өнер көрсету жоспарлары бар екенін жеткізді!

KMF барлық оқушылар мен ұстаздар ұжымын Білім күнімен шын жүректен құттықтайды! Баршаңызға табыс, жемісті білім мен алға қойған мақсаттарыңызға жете берулеріңізді тілейді.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success