Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

28 Наурыз 2017 Қостанай облысындағы Әулиеқөл ауданының аса ірі ауылы болып табылатын Әулиекөлде KMF-тің кеңсесі ашылды
Мал шаруашылығы мен ауыл  шаруашылық дақылдарын өсірумен айналысатын  ауданда қолжетімді    қаражатқа сұраныс  көп.  

«Ауыл тұрғындарына біздің бағдарламамыздың  өзектілігі, сондай-ақ,  клиенттер санының  артуы Ақжайық ауданынан  өз  өкілдігімізді ашуға ықпал етті». Компания бүгінгі таңда қарқынды дамуда,   ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, олардың  іскери  белсенділіктеріне  оң ықпал ету және  әл-ауқатын арттыру мақсатында ауыл тұрғындарын қолжетімді қаржымен қамтытуды  басты жоспарға  қойып отырмыз», - деп түсіндіріп өтті KMF-тің Қостанай филиалының  директоры  Максим Титов.  

KMF  Қостанай облысында  бес жылдан бері қызмет көрсетіп келеді осы аралықта   кредиттік қоржыны 1,3 млрд. теңгені құрап,  сол өңірдің 4500 астам  тұрғынына  қол жетімді кредиттік бағдарлама  шеңберінде  кредит алу мүмкіндігін ұсынып, кең географиялық бағдарламамен қамтып отыр.  

KMF Микроқаржылық ұйымы - Қазақстандағы микрокредиттеу нарығының  көшбасшысы болып табылады. Еліміз бойынша 3000 астам елді мекенді қамтып,  басым бөлігі, яғни жалпы клиенттер санының 70 % құрайтын, 120 000 астам  ауыл тұрғындарын қамтып отыр. Қазақстан бойынша ауылдағы клиенттерге 76  ауылдық жерде орналасқан бөлімшелер  қызмет көрсетеді.  

Жалпы алғанда КМF кредиттік қаражатының  көмегімен ауылдық жерде 50 000 астам жұмыс орны ашылған. Олар фермерлер мен  үй маңы шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары. Кредит ауыл тұрғындарына жыл бойы қолжетімді, тұқым себуге, ЖЖМ алуға, жем-шөп дайындауға, егін жинауға,  техника мен  мал қораларға жөндеу жүргізуге  беріледі. KMF клиенттерінің   64% әйелдер екенін атап өткен жөн.  

Жалпы Микрокредиттеу саласы, әсіресе ауылдық жерде,  қазақстандықтарды қол жетімді қаржымен қамтамасыз ету  арқылы аса  маңызды әлеуметтік міндет атқарады. Сол себепті  KMF  компаниясы да облыс тұрғындарының  бизнесін дамытуға және оны  кеңейтуге кредит беруін жалғастыра бермек.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success